Ұлытау облыстық мәслихатының VIII шақырылған кезектен тыс үшінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде 12 мәселе қаралды.
Сессияны облыстық мәслихат хатшысы Бауыржан Шыңғысов ашып, жүргізіп отырды. Оған Ұлытау облысының әкімі мен орынбасарлары, басқарма басшылары қатысты. Сессияда қаралған негізгі мәселе Ұлытау облысының білім беру жүйесі обьектілерінің жағдайы туралы болды. Бұл бойынша мектепке дейінгі бірқатар білім беру ұйымдарына жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, облыстағы колледждердің қызметін зерттеу туралы мәселе көтеріліп, ұсынысытар енгізілді. Аймақта 14 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы бар. Оның көбісі күрдеулі жөндеуді қажет етіп-ақ тұр.
Сонымен, облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жағдайы жөніндегі есеп назарға алынды. Колледждердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған жол картасы жасалып, бірқатар колледждерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Мектепке дейінгі ұйымдарды депутаттар басты назарында ұстайтын болады.
Облыстағы бірқатар білім беру ұйымдарына ҚР танымал тұлғаларының есімдерін беру жөніндегі ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілді. Бұдан соң облыстағы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2023 жылға төлемақы мөлшерлемесі және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақы мөлшерлемелері бекітілді. Одан әрі кадрлық өзгерістер орыналды. Еркебұлан Алгожин Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі қызметінен босатылып, оның орнына Ернұр Тұрлыбекұлы тағайындалды. СессидаБерік Әбдіғалиұлы көтерілген негізгі мәселелердің барлығы кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.
Сессия соңында облыстық мәслихат аппаратының құрылымы бекіді. Онда көтерілген ұсыныстардың барлығы бірауыздан қолдау тапты.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.