Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Денсаулық сақтау: жыл қорытыланды, меже белгіленді

10.03.2023
- Жаңалықтар
0
Сайлаушылардың құқықтарын түсіндіруде
75
БӨЛІСТІ
207
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғашқы алқа отырысы өтті. Онда салада 2022 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Алқа жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали қатысты. Өткен жылғы жұмыс қорытындысы бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Ранова баяндама жасап, сала жұмысының негізгі көрсеткіштеріне, даму жоспарларына тоқталды. Бүгінгі таңда облыс тұрғындарына медициналық көмекті 37 медициналық ұйым көрсетеді, оның 16-сы – мемлекеттік, 21-і жекеменшік мекемелер.

Жаңа облыстың құрылуына байланысты денсаулық сақтау желісі мен негізгі құрылымы облыстық мәртебесін алған.

Ұлытау облысындағы емдеу профилактикалық ұйымдар желісіне сәйкес дербес амбулаториялық емханалық ұйымдар саны – 11. Оның ішінде 2 емхана, 9 отбасылық денсаулық орталығы бар.

Саладағы кадр тапшылығы да назардан тыс қалмады. Облыс бойынша 70-ке жуық маман жетіспеушілігі тіркелген. Әсіресе, шалғай ауылдарға жас мамандардың барғысы жоқ.

Бұл мақсатта облыс әкімдігінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджетінен еліміздің түрлі жоғары оқу орындарында 66 резидентті оқыту жоспарланған. Оған 2023 жылға – 44 млн, 2024 жылға – 125 млн, 2025 жылға 30 млн теңге қаржы қарастырылған.

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали денсаулықтың бірінші байлық екендігін атап өтіп, аталған басқарма жұмысындағы кезек күттірмейтін мәселелерді дер уақытында шешіп отыруды тапсырды.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ. 

Бөлісу30Твитерге19

Көп қаралған

  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру