Жезқазған қаласындағы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Келешек-2024» білім беру ұйымдарының республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Жыл сайынғы конференцияға Қазақстан Республикасынан 90-нан астам жас ғалым, студент, магистрант мен докторант қатысты. Қатысушылар ғылыми жобаларын Жезқазған, Қарағанды, Алматы университеттерін, Жезқазған, Сәтбаев, Ұлытау және Жамбыл облыстарының мектептері мен колледждерін ұсынды.
Конференцияның пленарлық отырысын Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің президенті-ректоры, т.ғ.д., профессор, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Әбділмәлік Тәкішев ашып, жүргізді.
Конференцияда Ұлытау өңірі мен Қазақстан Республикасының Ғылым мен технология, педагогикалық білім беру, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды. Техникалық және жер туралы ғылымдар; гуманитарлық және педагогикалық ғылымдар; жаратылыстану және экономикалық ғылымдар бағыттары бойынша секциялық отырыстарда салаларды дамытудың барысы сөз болды.
Ұлытау өңірінің педагогикалық және ғылыми қоғамының өкілдері мен жас ғалым-зерттеушілердің арнайы кездесулері өткізілді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.