Жезқазған қаласындағы Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағының ұйымдастыруымен «Казақмыс Холдинг» ЖШС еңбеккерлері арасында «Бірге бір» шоу-сайысы өтті.
Шоу-сайыстың басты мақсаты – қарапайым жұмысшылардың бойындағы танылмаған таланттарын, көрінбеген қырларын елге паш ету.
Әйгілі қазақ, ТМД және әлемдік эстрада жұлдыздарын сомдаған еңбеккерлер қазылар мен көрермендердің көзінің жауын алатындай шоу көрсетті.
Жарыстың қорытындысы бойынша үшінші орынның ақшалай жүлдесі 50 мың теңгені Шығыс Жезқазған кенішінің еңбеккері Дархан Мағжан иеленсе, екінші орынға тігілген 80 мыңды «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС еңбеккері Мақсат Бертаев еншіледі. Ал, бірінші орын жеңімпазына тағайындалған 100 мың теңге Балқаш қаласынан келген «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС оттегі өндіру зауытының қызметкері Жансерік Сатыбалдыға бұйырды.
Ерекше талантымен және үлкен еңбекпен қазылар алқасының көзіне жарқ етіп түсіп Бас жүлдені және оған тағайындалған 150 мың ақашалай сыйақыны «TrancoJezz» ЖШС еңбеккеріМақсат Тіллахан қанжығалады.
Жалпы сайысқа өндірісте еңбек ететін 13 азамат қатысты. Төрт жүлдегерден бөлек, өзге де қатысушылар түрлі аталымдар бойынша марапатталды.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.