Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

«Дарабоз» дарындыны анықтады

23.08.2024
- Өндіріс және өмір
0
«Дарабоз» дарындыны анықтады
72
БӨЛІСТІ
201
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сәтбаев қаласында «Дарабоз» зияткерлік ойыны қорытындыланды. Қала әкімі Мұрат Бөрібаев ойынға қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Осы уақытқа дейін Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына, С. Сейфуллиннің 130 жылдығына, сондай-ақ Абай күні қарсаңында ақынға арналған үш іріктеу ойыны өтті.

Іріктеуден өткен 9 қатысушы финалда бақ сынады. Финалдық ойынның тақырыбы қазақтың ежелгі астанасы Ұлытауды қамтыды. Ойында үш айналым – «Тізгін қағар», «Желдірме», «Бәйге» болды. Бірінші айналым бойынша қатысушылар тест тапсырмасын орындайды. Екінші айналым бойынша белгілі тұлғалардың нақыл сөздерін талдап, ой тереңдігін, сөз саптауын көрсетеді. Үшінші айналым ұлттық құндылыққа бағытталған. Ақтық сында қазақтың ою-өрнегі туралы сөз қозғалды, оюдың атауы, қолданылатын орны . Іріктеу ойындарында қазақы жыл қайыру, ұлттық өлшем бірліктер, ұмыт болған ұлттық ойындар турасындағы тапсырмаларды қамтыды.

«Дарабоз» зияткерлік ойын қорытындысы бойынша ІІІ орынға тігілген 100 мың теңгені Қаныш Сәтбаев атындағы мектептің мұғалімі Айжан Әбілқасымова алса, ІІ орынға тағайындалған 150 мың теңгені Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Алуа Іргебай еншіледі. І орынның жеңімпазы Қаныш Сәтбаев атындағы мектептің биология пәнінің мұғалімі Мөлдір Аманқұлова 200 мың теңгені қанжығалады. Сондай-ақ, бірнеше қатысушы ынталандыру сыйақысын алды.

Зияткерлік ойынның өтуіне «Ұлар» әдеби клубы ұйытқы болды. Жүлде қорына жергілікті меценат азаматтар, «Қазақстанның халық батырлары» ҚБ Ұлытау облысы бойынша төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері, кенші Тұрсынбек Мақышев, «Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Нұржанов демеушілік көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыз

Арулар бақ сынады

Арулар бақ сынады

08.03.2025
Салауатты өмір салтына үндеді

Салауатты өмір салтына үндеді

08.03.2025

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру