Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

«Даму» қоры кәсіпкерлерді қолдайды

11.10.2024
- Шарайна
0
«Даму» қоры кәсіпкерлерді қолдайды
175
БӨЛІСТІ
487
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытаудағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап пресс-тур ұйымдастырды. Шараға қатысушылар жеке және мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлікті дамытуға қолдау алған кәсіпорындарды аралады.

Ұлытау облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 2022 жылы құрылды. Қор шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Осындай мүмкіндіктердің арқасында өңірде «Даму» қоры арқылы мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлер қатары артып келеді. Мәселен, 2024 жылдың басынан бастап «Даму» қоры Ұлытау облысының шағын және орта кәсіпорындарына жалпы сомасы 13,6 млрд теңгеге қолдау көрсетті. Барлығы 344 жоба қолдау тапты.

Бұл жөнінде «Даму» қорының Ұлытау облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Арман Менжасаровтың айтуынша, Ұлытау облысында 2023 – 2024 жылдар аралығында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер 1182 жұмыс орнын сақтап қалды. Олар бюджетке 8 млрд теңге салық төледі.

Баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері жақында ғана ашылған балет мектебіне аялдады. Жанат Шубаеваның кәсіппен айналысқанына биыл 20 жылдан асты. 2023 жылы балет мектебін ашу мақсатында 2021 – 2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жылдық 21,75 %-бен несие алған. 7 пайызын кәсіпкер төлесе, қалған айырмашылықты «Даму» қоры арқылы мемлекет субсидиялайды.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық дебат турнирі

Облыстық дебат турнирі

14.03.2025
Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

14.03.2025

Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында Жезқазған қаласында «Еңбек Арена» футбол алаңы да ашылған болатын. Бұл нысан Ұлытау өңіріндегі балаларды спортқа баулу және футболды дамыту мақсатында салынған.

Келесі барған нысан Сәтбаев қаласындағы минералды және жеміс сусындары зауыты болды. Компания 2000 жылы құрылған және «Ұлытау» брендімен тазартылған ауыз су өндіруге маманданған. Су Есқұладан алынады. Тәулігіне 15000 бөтелке су мен сусын шығарады. Өндірілген өнім өндірістің барлық кезеңдерінде қатаң бақылаудан өтеді, бұл кәсіпорынның өндіріс көлемінің өсуіне оң әсер етуде және ішкі нарықта тұтынушы базасын ұлғайтуға көмектесуде. Кәсіпорын 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болып, зауыттың өндірістік қуатын арттырып, өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік алды.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу70Твитерге44
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру