Сенбі, 21 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Цифрлық жобаларды таныстырды

03.02.2023
- Жаңалықтар
0
Цифрлық жобаларды таныстырды
77
БӨЛІСТІ
215
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитететінің Ұлытау облысы бойынша басқармасы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап брифинг ұйымдастырды.

Алдымен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ұлытау облысы бойынша басқарма басшысы Сәкен Ыдырыс басқарманың нақты міндеттеріне тоқталды. Одан әрі комитеттің жұмысы жайлы бейнеролик көрсетілді. Ұлытау облысы құрылғаннан бастап басқармамен 30 мониторинг жүргізіліп, олардың нәтижесінде 63 заң бұзушылық анықталған.

– Анықталған бұзушылықтардың нәтижесі бойынша субъектілер атына 7 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді, 2 тәртіптік өндіріс және 1 әкімшілік өндіріс қозғаутуралы қаулы шығарылды, 8 ақпараттық хат жолданды, – деді бұл жайында құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитететінің Ұлытау облысы бойынша басқарма бастығы Сәкен Ыдырыс.

Одан әрі басқарма бастығының орынбасары Ерлан Таймурзинов облыстағы қылмыстық ахуалға тоқталды. Облыс құрылғалы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімнде 785 құқық бұзушылық тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыз

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025

Басқарма бастығы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік органдармен бірлесіп қылмыстық және әкімшілік процестерді автоматтандыру, тексерулертағайындау, өтініштермен жұмыс бойынша жобалар іске асырылғанын атап өтті.

Олар мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, құқықтық статистиканың ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған. Журналистерге «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі» «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі», «Электрондық өтініштер» цифрлық жобаларының мүмкіндіктері көрсетілді.

Қоғам талаптары ескеріле отырып, осы бағытта ауқымды жұмыстар қарқын алуда. Айта кетейік, комитет тексерулерді есепке алуды және тіркеуді 2000 жылдан бастап жүргізеді. 2003 жылдан бастап негізсіз тексерулер, оның ішінде бизнеске қатысты тексерулер тіркеу сатысында тоқтатылады.

2015 жылданбастап Комитет барлық тексерулердің үйлестірушісі болды. Қазір бақылаушы органның бірде-бір тексерісі Комитетте есепке алынбай жүргізілмейді.

Гүлім Маратқызы.

 

Бөлісу31Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру