«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жезқазған кен-металлургиялық комбинатының әлеуметтік мәселелер бойынша бірінші орынбасары, «Кәсіпқорған» кәсіподағының төрағасы, белсенді қызметі үшін төсбелгісінің иегері Тоғызбай Тажбеновті еске алуға арналған бокстан 2010-2011 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында Республикалық турнир өтті.
Турнирге еліміздің 8 облысынан және Астана қаласының спортшылары мен «Намыс» спорт кешінінің боксшылары қатысты. Жалпы, шаршы алаңда 200-ге жуық былғары қолғап шебері бақтарын сынады..
Тоғызбай Тәжбенов жарты ғасырға жуық аймақ экономикасының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Бүгінгі дүбірлі додаға Тоғызбай Тажбеновтың жары да қатысты. Роза апайға «NAMYS» СK қоғамдық қоры ұжымының атынан қазақтың салт-дәстүрімен кәде сый тарту етілді.
Шараға олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділов, «Қазақмыс» корпорациясының өкілдері, ардагерлер мен спорт басқармасының өкілдері құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Шаршы алаңдар жас былғары қолғап шеберлері барын салып бақты. Әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен мараппаталды.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.