Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Бизнесті қолдау күшейеді

16.06.2023
- Бағдар
0
Бизнесті қолдау күшейеді
83
БӨЛІСТІ
231
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысы құрылғалы өңірде кәсіпкерлік субъектілер саны 30 процентке артқан. Тиісінше, өнім өндіру көлемі де өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Дегенмен, аталған салада мәселе де жоқ емес. Кәсіпкерлер қауымы қағазбастылық, әкімшілік кедергілер мен мемлекеттік сатып алулар төңірегінде орын алып отырған кемшіліктер жайлы аймақ басшысының қатысуымен өткен жиында көтерді. 

«Аманат» партиясы ғимаратында өткен кездесуге облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев,  Өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Гүлмира Қаженова мен аймақтағы кәсіпкерлер қатысты. Өңірде 32 мыңға жуық азамат шағын және орта кәсіптен табыс тауып отыр. Бұл – экономикалық белсенді халықтың 14 пайызы. Жұмыс істеп тұрған 18 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны өткен жылы 170 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Тіршілігі тікелей өндіріспен сабақтас облыста бұл жаман көрсеткіш емес. Дегенмен, жергілікті билік өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар санын әлі де арттыруға мүдделі. Мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі қолдау тетіктері арқылы тек биылдың өзінде жүздеген кәсіпкер жаңадан іс бастайды.

– «Ауыл аманаты» бойынша бізде биылға 3 млрд 200 млн-дай қарастырылған. Алғашқы несиелерді беріп жатырмыз. 2,5 пайызбен. Сонымен қоса жастардың арасында кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік грант және жеңілдетілген несиелер беріп жатыр. 5 млн-ға дейін. 2,5 пайыздық. Жастардың немен, қандай іспен айналысуға да мүмкіншілігі бар, – деді сөз басында облыс әкімі Берік Әбдіғали.

Бизнеске жасалатын түрлі кедергілерді жою мақсатында өңірлік кеңес құрылған. Бұл бас қосу осымен 6-мәрте ұйымдастырылып отыр. Күні бүгінге дейін 500-ден астам жас кәсіпкер бизнесті ашу және жүргізу бойынша кеңес алды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Гүлмира Қаженова бұл жөнінде былай деді:

– Мысалы, жыл басынан бері құқығы тапталған 18 кәсіпкерөңірлік кәсіпкерлер палатасына шағым түсірді. 4 кәсіпкердің өтініші бойынша тиісті шаралар атқарылып, 56 млн. теңге көлемінде бизнес мүддесі қорғалды. Өзге кәсіпкерлерге заңнама шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Облыс ең қажетті деген 19 түрлі тағамның тек 3-еуін ғана өндіреді. Өзгелері сырттан келеді. Себебі, өңірдегі кәсіпкерлік нысандардың басым бөлігі ауылшаруашылығы мен қызмет көрсету саласына тиесілі. Сондықтан, жергілікті билік азық-түлік өндірушілерді қолдауға ниетті. Осы мақсатта облыс әкімдігі, кәсіпкерлер палатасы мен қала құраушы компания арасында тағам өндірушілерді қолдауға бағытталған үшжақты меморандум жасалды.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Бөлісу33Твитерге21

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1549 бөлісті
    Бөлісу 620 Твитерге 387
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру