Менің атым Мағжан. 6-сыныпта оқимын. Менің отбасымда әкем, анам және екі қарындасым мен інім бар. Әкемнің аты Қуаныш, ол колледжде қызмет істейді. Ал анам Ақнұр балалар бақшасының тәрбиешісі. Әжем Айша зейнеткер. Інім Мирас, жасы 6-да. Ол өте ақылды және сүйкімді бала. Мен сабақтан келгенде, алдымнан «ағалап» жүгіріп шығып, құшақтайды. Мен бос уақытымда інімді ойнатамын және ертегі айтып беремін. Біздің «Ақтабан» деген күшігіміз бар. Інім екеуіміз оны тамақтандырамыз және онымен ойнаймыз.
Мен өзім каратэ-киокушинкаймен айналысамын. Бірнеше рет жарыстарға барып қарашаңырақ Қарсақбайдың намысын абыроймен орындап келдім. Өзім қатарлы балалар арасында бірнеше рет бірінші орынды иемденіп, «Бала чемпион» атандым.
Қолым бос болғанда інім Мирасқа да каратэнің әдістерін үйретемін. Кейін өзінің бұзық балалардан қорғануына жақсы болады. Мен өз отбасымды қатты жақсы көремін. Біз – бақытты отбасымыз. Мен әжемді, анашымды және әкемді үлгі тұтамын және бауырларымды өте жақсы көремін.
Мағжан Масхұтхан,
Ж. Жабаев атындағы № 15 тірек мектебінің 6-сынып оқушысы.
Қарсақбай кенті.