Сейсенбі, 16 Желтоқсан , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Бірлескен шаралар жүзеге асады

23.05.2025
- Жаңалықтар
0
Бірлескен шаралар жүзеге асады
69
БӨЛІСТІ
193
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Мақсатқа жету үшін корпорация мен ҚР Үстел теннисі федерациясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, Ұлытау өңірінде бірлесіп өткізетін іс-шаралар мен спорттық оқиғалардың жоспарын құрды.

«Бүгін біз өзара қолдау көрсету, үстел теннисін насихаттау, бірлескен жобаларға қатысу және ынтымақтастықтың басқа да түрлерін дамыту мақсатында меморандумға қол қойдық. Биыл бірнеше ірі іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз – оның ішінде үстел теннисі бойынша «KAZAKHMYS OPEN» ашық республикалық турнирін, сондай-ақ Жезқазған қаласында өтетін үстел теннисі бойынша тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы республикалық чемпионатты айтуға болады», – деді меморандумға қол қою рәсімінде ҚР Үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пак.

Бұдан бөлек Ұлытау облысының спортшыларына арналған оқу-жаттығу жиындары, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушыларының қатысуымен жаттықтырушыларға арналған семинар, 2016, 2020 және 2024 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан әйгілі спорт шеберлерімен бірлескен шеберлік сағаттары және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарланған.

«Біз балалар мен жасөспірімдер арасында жарыс өткіземіз, жаттықтырушылар құрамының әлеуетін дамытамыз, спорт төрешілерін дайындаймыз. «Қазақмыс» компаниясының қолдауы бізге осы міндеттерді іске асыруға және осы спорт түрін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Данил Пак.

«Қазақмыс» корпорациясы Тұрақты даму және коммуникациялар жөніндегі басқарушы директор Сәкен Шаяхметовтың айтуынша, қол қойылған меморандум әлеуметтік жағдайды жақсартуға және компания қызмет ететін өңірлерді, оның ішінде Ұлытау облысын дамытуға бағытталған жобаларды одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

– Жыл басында біз «Жігер» спорттық-сауықтыру кешенін аштық. Оның базасында барлық стандартқа сай аккредиттелген үстел теннисіне арналған спорт залы бар. Бұл зал спорттық іс-шаралар мен күнделікті жаттығу өткізу үшін пайдаланылады. Республикалық Федерациямен ынтымақ-
тастық өңірде теннистің дамуына қуатты серпін беріп, осы спорт түріне бұқаралық сипат береді. Қол қойылған меморандумның нәтижесінде Жезқазғанды, кейін өзге де өңірлерді елдің спорттық картасына енгізіп, болашақта әлемдік деңгейдегі таланттарды тәрбиелей аламыз деп үміттенеміз, – деп түйді ойын Сәкен Шаяхметов.

Бұдан бөлек, «Қазақмыс» Балқаш қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жобалау жұмыстарына кірісті. Бұл кешенде үстел теннисі залы да қарастырылады.

Айта кету керек, Қазақстанда үстел теннисімен жүйелі түрде 260 мыңнан астам адам шұғылданады. 10,5 мыңнан астам спортшы күнделікті жаттығумен айналысады, олармен 400-ге жуық жаттықтырушы жұмыс істейді. Айта кету керек, еліміздің барлық 20 өңірінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері жұмыс істейді, бұл мектептерге балалар 6 жастан бастап қабылданады.

Бөлісу28Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

15.12.2023
«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

16.02.2024
Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

13.12.2025
Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

12.12.2025
«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

12.12.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру