Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Бірінші тоқсанды қорытындылады

11.04.2025
- Жаңалықтар
0
Бірінші тоқсанды қорытындылады
71
БӨЛІСТІ
197
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Шыңғысовтың төрағалығымен өңірлік Жол картасы және партиялық жобалардың 2025 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша жиналыс өтті.

Жиынға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров, «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков, депутаттар, Басқарма басшылары қатысты.

«Жер аманаты» партиялық жобасы бойынша І тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Ұлытау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті» РММ басшысы Нұржан Қарақожаев баяндады. Өткен 2024 жылы атқарылған шаралардың нәтижесінде облысқа бекітілген жоспар артығымен орындалған. 2024 жылы 170,0 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланып, нәтижесінде 172 526 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 96 000 гектар жер мемлекетке қайтарылды. Мемлекетке қайтару бойынша жұмыстың нәтижелеріне ашық қол жеткізу мүмкіндігін беру мақсатында jerkarta.gharysh.kz геосервисі әзірленіп, қайтарылған жерлер осы геосервиске енгізілуде. Осы жылы Департаментпен берілген нұсқамалардың орындалу мерзімі аяқталатын көлемі 7 518,0 гектарды құрайтын 5 жер учаскелері бар. Алдағы уақытта олар бойынша Департаментпен тисті жұмыстар атқарылады.

Ұлытау облысының қаржы басқармасының басшысы Жеңіс Қиянбеков күн тәртібіндегі келесі сұрақ – «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасының орындалу барысы жайында айтты. Жоба бойынша биыл облыс көлемінде 2 700 адамды оқыту жоспарланған. Орталықтан арнайы сарапшы маман келіп жұмысын жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыз

Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025

Ұлытау облысының жол картасы аясында орындалмаған нысандар бойынша «AMANAT» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков баяндама жасады. Облыс бойынша 2024 жылға ұсынылған есептің талдауына сәйкес 121 іс-шараның 94 (78 %) орындалып, 20-сы (16 %) өзектендіріліп, 7-сі (6 %) орындалмады. Сонымен қатар, 2023 жылдан келе жатқан орындалмаған 2 тармақ бар.

Партияның ерекше бақылауына өзектендіру рәсімінен кейін іске асыру мерзімі 2025 жылға ауыстырылған жол картасының нысандары алынды. Бұл «5 мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жүргізу». Жезқазған қа-
ласындағы С. Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театры мен Халықтар достығы мен мәдениеті үйіне күрделі жөндеу жүргізу жұмыстарының мерзімдері өзектендіру қорытындысы бойынша ағымдағы жылға жоспарланған. «Кеңгір су қоймасын тазарту», «Қостанкелді шығанағын тазарту және санациялау», «Бидайық су қоймасының бөгеті мен гидроқұрылысын қайта жаңарту» және «ҚТҚ 5 полигонын экологиялық талаптарға және санитарлық ережелерге сәйкес келтіру».

Халықтың көптен күткен Үйтас-Айдос су қабылдағышын көтерудің II сорғы станциясын реконструкциялау бойынша желілерді жүргізу және реконструкциялау жұмыстары аяқталды, абаттандыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін пайдалануға беріледі.

«AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

 

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру