Жұма, 13 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Бір турнирде қос чемпион

23.06.2023
- Кәсіподақ тынысы
0
Бір турнирде қос чемпион
84
БӨЛІСТІ
234
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыстың»  Жезқазған аймағындағы өндіріс нысандарының әр буынынада еңбек етіп жүрген еңбеккерлер өз саласында  озат маман ғана емес өнерімен,спорттағы жетістігімен көпшілікті тәнті етіп келеді. Олардың мұндай қарым-қабілетінің ашылуына  септігін тигізіп отырған  түрлі деңгейдегі мәдени-спорттық шаралар екені түсінікті.

Өндірістегі өрендерді қолдау мақсатында тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы  мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «JastarBolashaq» Жастар одағы жыл сайын қазақмыстықтар арасында жазғы және қысқы спорт түрлерінен спартакиадалар ұйымдастырып келеді. Биылғы жылдың жазғы спартакиадасы да қос ұйымның бірлескенінің нәтижесінде сәтті басталды.  Жақында үстел теннисінен әуесқойлар арасында турнир өтіп, үздіктер анықталды. Кәсіподақтың Жезқазған филиалы көшбасшы болған  тартысты бәсекеде кіл мықтылар жеңіс тұғырынан көрінді.

Үшінші жыл қатарынан өткізілген турнирде  қарсыластарын шаң қаптырған  «Жезқазғантүстімет» ӨБ еңбеккері Қуанжан Әлмағанбетов пен құю-механикалық зауытының намысын қорғаған  Кристина Герберсгаген үшінші мәрте чемпион атанды. Осылайша бұл турнирде екі чемпионның аты шықты.

ІІ және ІІІ орынның жүлдесіне іліккендер сапында  Жезқазған байыту фабрикасынан Әсел Ғабасова, Жезқазған мыс қорыту зауытынан Қуаныш Марғарапов, бірыңғай қойма шаруашылығынан Салтанат Бейсенова мен электр жабдықтарына қызмет көрсету басқармасынан Айдос Қалихан бар.

Сондай-ақ оқыңыз

Саясатсыз сапалы қызмет

Саясатсыз сапалы қызмет

08.03.2025
Әлеуметтік қорғау – басты орында

Әлеуметтік қорғау – басты орында

28.02.2025

– Үшінші мәрте чемпион атағына лайықты ойын көрсеттім деп ойлаймын. Мұндай жарыстар еңбеккерлердің  әуесқой болса да шұғылданып жүрген спорт түрінде жетістікке детуіне жол ашады. Осы спартакиаданы үзбей ұйымдастырып келе жатқан «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы мен «JastarBolashaq» Жастар одағына айтар алғысым шексіз. Осы турнир арқылы үстел теннисін серік етіп жүрген азаматтар бір алаңда бас құрап, бір-бірінің шеберлігін көзбен көру мүмкіндігіне ие болды деп ойлаймын, – дейді турнир чемпионы Қуанжан Әлмағанбетов.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу34Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру