Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Аймақ мәселесі

Білім беру ісіндегі бағыттарды айқындады

22.08.2025
- Жаңалықтар
0
Білім беру ісіндегі бағыттарды айқындады
75
БӨЛІСТІ
207
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысында ұстаздардың облыстық тамыз конференциясы өтті. конференцияның пленарлық отырысына 2000-ға жуық педагог офлайн және онлайн режимінде қатысты. Бұл жылғы педагогтардың алқалы жиыны «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өтті.

Кеңес аясында «Цифрлық білім берудің болашағы» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде білім беру саласында сапалы цифрлық контентті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа технологиялар, түрлі ресурстар, электрондық зертханалар мен білім алушылардың робототехника, STEM бағытындағы жетістіктері ұсынылды.

Конференцияға Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров арнайы қатысты. Аймақ басшысы Дастан Адайұлы:

– Тамыз конференциясы – еліміздің білім беру жүйесін дамытып, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға, алдағы оқу жылына жаңа серпін беретін маңызды алаң.

Биылғы тамыз конференциясы «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өтуде. Бұл – жас ұрпақты тәрбиелеудегі басты басымдықтарымызды айқындайтын мазмұны терең тақырып. Бұл алаңда тұжырымды ойлар айтылып, жаңа идеялар ұсынылатына сенімдімін.

Қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстасаң ғана толық боласың деген ұстанымының түйіні, идеясы мемлекеттік саясатымыздың негізгі өзегіне айналып отыр. Мемлекет басшысы жариялаған «Адал азамат» тұжырымдамасы осы негізге табан тірейді. Президентіміз «Ұлттық құрылтайда» белгілеп берген озық ойлы ұлтқа тән қасиеттер де ғұламаның өсиеттерімен үндес. Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды Адал азамат деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болады, – деді.

Сондай-ақ Дастан Адайұлы облыс аумағындағы білім ошақтарын уақыт талабына сай жаңғырту бағытындағы жасалып жатқан жұмыстарды да атап өтті.

«Білім беруде жасанды интеллектіні қолдану», «Цифрлық білім беру: Жасанды интеллект. STEM», «Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы өңірлік бастамалар: тәжірибе және болашағы» тақырыптарында тәжірибе бөлісу баяндамалары жасалды.

Сонымен қатар облыс әкімі бірқатар педагогті Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатымен, Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Пленарлық сессия – жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру бағытындағы мақсат-міндеттерді нақтылайтын бас қосу. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады.

Бөлісу30Твитерге19

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    197 бөлісті
    Бөлісу 79 Твитерге 49
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру