Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Бесіктен безінбейік

08.04.2022
- Руханият
0
Бесіктен безінбейік
84
БӨЛІСТІ
233
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақ үшін бесік ата-бабадан қалған қасиетті мүлік саналады. Қоғамымыздың өткен дәуірінде бұл киелі мүлікті «ескіліктің қалдығы» санап, әсіресе, қалалы жерде сәбиді бесікке бөлеу сирей бастаған еді. Еліміз Тәуелсіздікке қолы жеткен соң ұлттық дәстүрлеріміз бен салттарымыз жанданып, орныға бастағанда қасиетті бесік әр шаңырақтың төрінен орын алған шығар деп ойлағанбыз. Алайда, бүгінгі таңдада баласын бесікке бөлейтін ата-аналар аз көрінеді. Тіпті, оны айтасыз, қазіргі заманның жас аналары  бесікті қадірлеп, қастерлемейтін болып бара ма деген ой туады.

Өткен жылдардың біріндегі жаз айы еді. Балалардың ойын алаңының жанынан өтіп бара жатып далада қалған бесікті көрдім. Әдемі әшекейлері бар жап-жақсы бесік. Тек жасау-жабдықтары жоқ. Ойнауға алып шыққан балалар қалдырып кеткен тәрізді. Киелі мүліктің осылайша керексіз болып қалғаны ойландырады. Ертеде аналарымыз бесікті далаға тастамақ түгілі, түбегін жайғанда ит иіскеп кетпесін деп қадағалап, қарауылдап жүретіні еске түсті. Енді міне, қасиетті бесікті бүгінгі ұрпақ ойыншыққа айналдырып, далаға тастап кеткені жанға батады. Қазақтың қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Бесігі жоқ елден қорқам, немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам…» Баукең батыр айтқандайын, шыны керек, елеусіз, ескерусіз бесіктің далада қалғанынан тіксініп қалдым. Қазақтың бесіктен безгені ме, не болып барамыз?

Бесік төңірегінде әңгіме де, әфсана да көп. Сәбидің ыстық ұясына айналған мұндай мүлік басқа ұлттарда да болғанымен, әртүрлі үлгіде кездеседі. Көшпелі өмір кешкен қазақ халқы бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасаған. Атақты сөз зергері Шерхан Мұртаза ағамыздың бір айтқан әңгімесінде өзінің алдында туған балалардың барлығы сол кездегі дауасы жоқ шешектен шетіней бергенде «мені аман сақтап қалған аршадан жасалған бесік, оның анау-мынау дертт іжолатпайтын қасиеті күшті болады» деп айтқаны бар-тын. Негізінде қазір баласын бесікке бөлейтін аналардың азайғаны анық. Сәбиді қырқынан шығарған соң «Бесікке салудың» кәде-жоралғылары жасалып жатады. Көбінесе біз бұл дәстүрімізді көрнекілік үшін, мерекелік сән-салтанат ретінде ғана өткіземіз. Оның арғы жағындағы мән-маңызына, бесіктің қасиетіне тереңдеп бара бермейміз. Біле білсек, бесік – ұлтымызды ғасырлар қойнауынан сақтап келе жатқан киелі мұра. Сәбидің періштесі ұялаған алтын ұясы саналады. Ат үстінде жүрген қазақ бесігін алдына алып, бөбегін әлдилеп, жауына бермеген, ұрпағын өрбіткен. Осылайша Ұлы даланы қорғаған.

Бесікке бөленген баланың таза, денсаулығы мықты болатындығы жайлы дәлелдер мен деректер де көп. Белгілі бір ырғақпен тербелетін бесіктегі сәбидің жүйкесі де бір жүйеге түсіп, сабырлы, салмақты болып ержетуіне негіз қаланады екен. Бесік жырын естіп, анна әлдиі бойына сіңген баллада қайырымды мінез қалыптасады. Түбегін киізден жасаған бесіктің ұл баланы белсіздіктен сақтайтын қасиеті де бар дейді. Мамандар біледі, бұл — бүгінгі күннің аса бір өзекті проблемасы. Бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия әсерінен, тіл-көзден де сақтайтын көрінеді.

Міне, айта берсек бесіктің осындай ерекше қасиеттері толып жатыр. Ал, бесік жырының бала тәрбиесіндегі алатын орны да айрықша. Ертеде әже, апаларымыздың «Әлди, әлдиақ бөпем, ақ бесікке жат бөпем. Жылама бөпем, жылама, жілік шағып берейін, көк құтанның құйрығын жіпке тағып берейін» деп әуезді әуенмен айтатын бесік жыры құлағымызда қалыпты. Осы әуезді жыр арқылы баланың бойына ұлттық қасиет дарып, болмысы қалыптасады екен. Ендеше ұлттық код дегеніміздің өзі емес пе?! Сондай-ақ, ғалымдар бесік жырының баланың тілінің ерте шығуына, есте сақтау қабілетінің жақсы жетілуіне де әсері мол дейді.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

«Тәрбие — талбесіктен» дейміз. «Ана сүтімен сіңбеген қасиет, тана сүтімен сіңбейді», – деген екен бабаларымыз. Сәби бойындағы мейірімділік, қайырымдылық, ата-анасына деген махаббат сияқты ізгі сезімдердің барлығы осы қасиетті бесіктен жұғысты болатыны жайлы да көп айтылады. Олай болса, ана сүтінің уызына жарымай, емізік еміп, бесікке бөленбеген баланың бойынан ұлттық қасиеттің алшақтай беруі де әбден мүмкінғой. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» –дегенді кемеңгер жазушы МұхтарӘуезов бекерге айтпаған шығар. Ойланайық, қазағым! Бесіктен безбейік.

Амандық РАХҰЛЫ.

 

Бөлісу34Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру