Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Бес жылдық белес қорытындыланды

Өндіріс тынысы

26.05.2023
- Жаңалықтар
0
Бес жылдық белес қорытындыланды
89
БӨЛІСТІ
246
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жуырда «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесі Сәтбаев қалалық филиалының есеп беру конференциясы өтті.

Конференцияға «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Төлеген Бүкіров қатысты. Күн тәртібінде Ардагерлер кеңесінің Сәтбаев қалалық филиалының атқарған жұмысы туралы есебін Абулайс Молақов баяндады. Сонымен қатар, бюро мүшелерін сайлау және 24 маусымда Жезқазған қаласында «Аmanat» партиясы ғимаратында өтетін Ардагерлер кеңесі басқарма басшысын сайлау конференциясына делегаттар тағайындау мәселесі қаралды.

Филиал басшысы А. Молақовтың есеп беру баяндамасын жиналған ардагерлер қауымы ықыласпен тыңдады. Сәтбаев қалалық Ардагерлер кеңесі 2013 жылы құрылса, филиал басшысы өзі басшылық ете бастаған 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап атқарған жұмыстарына тоқталды.

Тұрмысы төмен ардагерлерге жәрдем беру, шипажайларға жолдама беру, мектеп-колледждерде кездесулер өткізуде филиал жұмысы жоспарға сай жүзеге асып келеді. Қаланың Құрметті азаматы, ҰлыОтан соғысының ардагері Жақсымбек Үншібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Даңқ» алаңында бой көтерген ескерткіш Ардргерлер кеңесінің бастамасы екеніне баса назар аударған Абулайс Молақов Теректі әулие, Жошы хан сынды тарихи орынадарға ардагер кеншілер саяхат жасап келгеніне тоқталды. Мұндай іс-шаралар жалғасын таба береді деді филиал басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025

Бұдан кейін сөз алған Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Яхия Асатов филиал басшысының есебіне жоғары баға беріп, ұйымға ардагерлерді тартудағы еңбегін атап өтті және басшылыққа қайта сайлауға ұсыныс жасады. Жиналған ақсақалдар қауымы бұл ұсынысты қабылдады. «Қазақмыс» корпорациясының құрметті еңбек ардагеріА.Сағидоллаев «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС қарасты «Медициналық орталыққа» қаржы көбірек бөлініп, екі-үш реет емделуге мүмкіндік туса нұр үстіне нұр болар еді деген ұсынысын айтты және Түркістан қаласына саяхат ұйымдастырылса деген тілегін жеткізді. Өз кезегінде сөз алған «Кенші даңқы» төсбелгісінің толық иегері Ж.Бимұратов филиалдың жұмысына оң баға беріп, А.Молақовқа алдағы атқаратын жұмыстарына табыс тіледі және Сәтбаев қаласындағы Кеншілер алаңы толық жөндеуден өтсе деген тілегін білдірді.

Конференция соңында «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Төлеген Бүкіров өз ойларын ортаға салды.  «Қазіргі кезде еліміздің біраз қалаларында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтары ашылығанынан хабардармыз. Бұл орталықтардың жұмысы — ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту боп табылады. Жаңа облыс болып жатырмыз, бұл игі бастама біздің өңірімізге де жетеріне сенемін»,-деді. Басқарма төрағасы айтылған ұсыныстар мен тілектерді қорытындылап, филиал басшысы А. Молақовқа сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Ардагерлер кеңесі қоғамдық
ұйымы атынан 4 ардагерге алғыс хат және ақшалай сыйлық табыстады.

Жәми Тұрсынбаев,
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Ардагерлер кеңесінің мүшесі.

 

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру