Сейсенбі, 16 Желтоқсан , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Бейнеттің көрді зейнетін

Еңбек адамы

04.11.2022
- Мерей
0
Бейнеттің көрді зейнетін
93
БӨЛІСТІ
259
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Адам тағдыры қилы да бұралаң  жолдардан өтеді.  Тіпті мамандық таңдап, оның нәтижесін көруде де адам баласы талай қиындықты жеңіп шығып, бейнетінің зейнетін көруге ұмтылады.  Бұл– заңдылық! Адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек арқылы қоғамға пайда әкеліп,  өзі де жемісін көру шынайы бақыт.  Бұл ойлар өз еңбегімен ұжымына,  туған-туыс, бауырлары мен дос-жарандарына  сыйлы болған Ибрагим Оспановпен тілдескенде туындады.

Ибрагим Мұқанұлы қарапайым ауылдан шығып,  еңбекке ерте араласты.  Кезінде Жезқазған облысы дүрілдеп тұрған уақытта кино саласында, кейіннен құрылыста ептілігін байқатты. Алайда тағдыр жолы оны өндіріспен қауыштырды.

Құю-механикалық хауытының ұста, дәнекерлеу цехында басталған өндірістегі еңбек жолы кейін оны мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасына алып келді. Еңбек кітапшасына Ибрагим Оспанов 1990 жылдың 5-наурызында басқарманың №2 теліміне жұмысқа қабылданғаны туралы жазба түсті. Содан бері арада 32 жыл өтті. Ибрагим Мұқанұлы осы салада майталман маман атанып, тәлімгер болды. Дәнекерлеушілер мен газбен кесушілердіңғ слесарь-жөндеушілердің  бригадасын басқарды. Алғашқы жылдары газбен кесуші, кейіннен дәнекерлеуші мамандығына ойысқан Ибрагим Оспанов осы жылдар ішінде  еңбекке деген екпінділігінің арқасында құрметке кенелді.

– Еңбек жолымды алғаш осы басқармада бастағанда аға ьуынның мектебінен өттік. Олардың әрбір атқарған істерінен үлгі алуға тырыстық. Кесу, дәнекерлеу жұмыстары дәлдікті, қырағылықты қажет етеді. Қате кесілген немесе  дәнекерленген бөлшектер жұмысқа қаншалықты әсер беретінін жұмыс барысында көргеннен кейін  жауапкершілікті үнемі жоғары қойдым. Мұнда алғаш келгенде телім басшысы Александр Купарь, директор Гарри Зигерт болды. Газбен кесушіден басталған еңбек жолым кейін бригадир дәрежесіне жетті. Тәлімгер атандым.  Міне, енді бейнетімнің зейнетін көрер шаққа жетіп, сүйікті ұжымыммен қош айтысып барамын.

Осы отыз екі жылда менімен қатар еңбек еткен, қолдаған ұжымдағы барлық жігіттерге алғысым шексіз. Газбен кесушілер, дәнекерлеушілер мен слесарьлардың ерен еңбегі өндіріс  үшін басты күшке ие екендіктерін жақсы түсінемін. Жігіттердің атын атап,  бөліп, жарғым келмейді. Үлкен еңбек күші бола білген бригадаммен мақтанамын, – дейді Ибрагим Мұқанұлы.

Отыз екі жыл бір телімде еңбек етіп, еткен еңбегінің жемісін көрер шаққа жеткен Ибрагим Осапановты басқарма басшылығы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті  құрмет көрсетіп, зейнеткерлікке шығарып салды.  Ибрагим Мұқанұлы осы жылдар ішінде еңбегі үшін үшінші және екінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Ал, кейіпкерім үшін ең басты марапат – еңбектің жемісін  көріп, құрметті демалысқа шығу. Енді Ибрагим Оспанов ардақты ата ретінде ұрпағының тәлімі мен тәрбиесіне көңіл бөлмек.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу37Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

15.12.2023
«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

16.02.2024
Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

13.12.2025
Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

12.12.2025
«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

12.12.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру