2025 жылдың соңына дейін еліміздегі барлық базар жаңғыртылады. Осы мақсаттағы 2023-2025 жылдарға арналған базарларды жаңғырту жол картасы аясында биыл Қазақстанда 100 сауда нүктесін жаңарту жоспарланған, оның үшеуі Ұлытау облысында.
Яғни, осы жылдың соңына дейін еліміздегі барлық сауда нүктелері қаланың архитектурасына, санитарлық және өртке қарсы талаптарға сай болуы керек. Сауда туралы заңнамаға сәйкес, сауда орындары онлайн төлемдерді қабылдау құрылғыларымен жабдықталуы тиіс. Сондай-ақ автотұрақ болуы шарт. Жол картасына сәйкес, 9-орамда орналасқан «Сарыарқа» автобазары 2024 жылы жаңғыртудан өтті. Осы жобаға облыс орталығындағы «Нарық» орталық базары мен «Мерей» базары да кіріп отыр. 2025 жылдың соңына дейін бұл екі базар «Жол картасы» аясында жаңаша келбетке енуі тиіс.
– Қазір қалада сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Мониторингке байланысты осы 2 базар бойынша аздап жоспардан қалушылық байқалады. Осы бағытта сауда департаментімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, – дейді Ұлытау облысы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Даулетбаев.
Қайта жарақтау шаралары көше дүңгіршектерін, ескі сауда павильондарын заманауи объектілерге