Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Батыр атағына ұсынылған Садуов

02.05.2025
- Жаңалықтар
0
Батыр атағына ұсынылған Садуов
67
БӨЛІСТІ
185
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облыстық ономастикалық комиссиясына Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры жаңаарқалық жауынгер Хамит Садуовтың есімін мәңгі есте қалдыру үшін оны тұлға ретінде танып, атына көше беру жөнінде өтініш түсіпті дегенді естіп елең ете қалдық. Облысымызда Кеңес Одағының батыры атағы бар жалғыз майдангер қазақ – Амантай Дәулетбеков бар еді, енді Жаңаарқадан қос батыр шығатын болды ғой деп ойлап, осы хабардың ақ-қарасын айыруға кірістік.

Ономастикалық комиссия да батыр туралы деректі толық анықтай алмағандықтан бұл мәселені байыптап қарай қоймапты. Өкінішке орай, комиссияға өтініш берушінің «ұрпағы» дегеннен басқа, нақты кім екені және мекенжайы көрсетілмепті. Жаңаарқадағы біраз қоғамдық ұйымдар мен біледі-ау деген адамдарға сұрау салғанымыздан нәтиже шықпады. Дегенмен, әлеуметтік желіден Жаңаарқаның тумасы, Ақмола әскери комиссариатынан әскерге шақырылған Садуов туралы бірнеше ақпараттарға кездесіп, олардың қайсысы нақты екенін біле алмай көңіліміз біраз күпті болды. Солардың бірінде «Атқыштар ротасын басқарған Садуов соғыста ерлікпен қаза табады. Ол Кеңес Одағының батыры атағына қайтыс болғаннан кейін ұсынылады. Туысқандары жауынгердің жерленген жерін 70 жылдан кейін табады» десе, Қазақстан Республикасының Хорватиядағы елшілігінің баспасөз қызметі 2022 жылғы 9 мамырда таратқан ақпаратында: «Ерлігі мен батырлығы үшін қазақстандық жауынгер Хамит Садуов қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды» деп жазылыпты. Өйткені, Югославия аумағындағы Екінші дүниежүзілік соғыстың ең үлкен шайқасы – Батина майданында қаза тапқан Кеңес жауынгерлері жерленген бауырластар зиратында Хамит Садуов та бар. Соған орай осындағы Мемориалда Жеңіс күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсіміне Қазақстан елшілігінің дипломаттары да қатысқан екен. Батина селосындағы бұл Мемориалдық кешен екі мыңнан аса Кеңес жауынгерлерінің мүрдесі жатқан бауырластар зиратында салынған көрінеді.

Соғыста аға лейтенант Хамит Садуов үшінші Украина майданындағы 19-атқыштар дивизиясының 315-полкына қарасты атқыштар ротасының командирі болған. 1944 жылдың 19 қарашасында Югословияның Батина селосының сыртында Дунай өзенінің оң жағалауындағы плацдармды кеңейту үшін болған ұрыста ол өзін шешімтал, ержүрек командир ретінде көрсетеді. Аумағын кеңейтіп алға жылжыған бұларға жау жағы танкілердің, бронетранспортердің қолдауымен артиллерия-минометімен от шашып, 9 рет қарсы шабуылға шығады. Садуовтың ротасы фашистердің қарсы шабуылына ерлікпен тойтарыс беріп, күні бойғы ұрыста оларға көп шығын келтіреді. Жаудың 230 солдаты мен офицерінің көзін жояды. Өршеленген дұшпандар жағы танкілерін алға салып қайта-қайта ұрысқа шығады. Бірнеше танк рота тұрған жерге келіп қалғанда Хамит оларға қарсы ұмтылып, танкіге қарсы екі гранатаны лақтырып жарып жіберіп тойтарыс береді. Осы сәтте есіл ер өзі де оққа ұшады. Ерлікпен қаза тапқан Садуовты «Кеңес Одағының Батыры» атағына ұсыну туралы 1944 жылдың 4 желтоқсанында 315-атқыштар полкінің командирі Михайлов қол қойған марапаттау парағының құжаты Ресейдің Қорғаныс министрлігінің Орталық архивіндегі 33-қордың 1911-істер жинағында сақталған көрінеді. Көшірмесін көрдік.

Соғыста қаһармандық пен ерлік үлгісін көрсеткен батыр туралы ақиқатқа жету жолында біраз еңбектенуге тура келді. Үміт жетегіне ілесіп 1968 жылы баспадан шыққан екі томдық «Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабын зерделеп көрген едік, бұл кісі туралы онда ештеңе жоқ екен. Соғыс жылдарында батыр атағына ұсынылғандар арасында бұл марапатты ала алмағандардың да біршама екенін естіген болатынбыз. Оған белгілі қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлының «Ұмытылған қаһармандар» деген еңбегі айғақ. Баспадан 2019 жылы жарық көрген бұл кітапта Кеңес Одағы Батыры атағына ұсынылса да қазақстандық 133 майдангердің марапатқа ие болмағаны туралы айтылады. Бұл жинақтан да Садуов туралы еш дерек кездеспеді.

Ақыры сұрастыра жүріп, Жаңаарқаға барған бір сапар кезінде ойда-жоқта фамилиясы Садуов деген азаматпен кездесіп қалдық. Сәті түскенде, іздеп жүрген батырымыздың ұрпағы болып шықты. Оразалы Садуов деген бұл азамат Абайділданың баласы екен. Айтуынша, ағайынды Абайділда, Байділда және Хамит үшеуі де 1941 жылы Ақмола әскери комиссариатынан соғысқа аттанған. 1915 жылы туған Хамит әскери адам болған екен. Азамат соғысына қатысыпты. Әскер қатарында 1937 жылдан қызмет етіп, 1941 жылы шілде айында майданға аттанғанда ол офицер шенінде болған. Ағайынды үшеуден бұл күнде осы әулеттің үлкені болып қалған мұның әкесі Абайділда ғана майданнан аман-есен оралады. Байділда хабар-ошарсыз кетіпті. Абайділда ақсақал Ақмоладан туған өңірлері Жаңаарқаға 1957 жылы көшіп келеді. Біз жолыққан баласы Аманбай қазір жетпіске қадам басыпты, ұзақ жыл Жаңаарқадағы «Сельхозхимияда» шофер болған. Өзінің Хамит әкесі туралы аса көп ештеңе біле қоймайтынын айтып, Атырауда тұратын Сәуле деген қарындасының жер-жерге хат жолдап, батырдың деректерін іздестірумен көптен айналысып жүргенін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025

Айтса айтқандай, Сәуле Садуова Ресей Қорғаныс министрлігінің орталық архиві, «Память народа» жобасы және Ұлы Отан соғысына қатысушыларды іздестіруші еріктілер арқылы атасы туралы көп деректер мен құжаттар жинақтаған екен. «Біз туысқанымыздың жерленген жерін 20 жылдан аса іздестіріп, Хорватиядағы Батина селосындағы бауырластар зиратында екенін 2020 жылдары ғана таптық. Осы іске көмектескен Хорватиядағы Қазақстан елшілігінің басшысы Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаевқа, «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің іздестірушісі Күлан Нұрмұхамбетоваға алғысымыз шексіз. Жеңіс мерекесіне арналған шарада елшілік қызметкерлері Мемориал ескерткішіне «Sadyov Hamitke» деп жазылған гүлдестесін қойып, тағзым етті. Ол кісінің Батыр атағына ұсынылғаны содан кейін ғана белгілі бола бастады. Оны айғақтайтын ресми құжаттардың көшірмесінің барлығы қолымызда бар», – дейді Сәуле.

Осы құжаттарының біразын біз де саралап көрдік. Батина селосы түбіндегі ерлігі үшін қаза болғаннан кейін 1944 жылы 4 желтоқсанда Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған құжаты да осында. Алайда, бұл атақ берілмей қалған. Тағы бір ерлігіне орай Қызыл жұлдыз орденіне ұсынылған. Құжаттар арасында 19-атқыштар дивизиясының командирі, полковник Лазарев пен штаб бастығы Бубновтың атқыштар ротасының командирі, аға лейтенант Хамит Садуовты «Қызыл жұлдыз» орденімен марапаттау туралы 1944 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығы бар. Жалпы, ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін Хамит 1944 жылдың 28 наурызында ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, 1945 жылы І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Соғыста бірнеше рет ауыр жараланып, госпитальда емделіп шыққан соң қайтадан майдан шебіне қосылып отырған.

Сұрапыл соғыста Кеңес Одағының Батыры атағына кез келген жанның кездейсоқ ұсынылмайтыны белгілі. Олай болса, осындай ерен ерлік үлгісін көрсеткен ержүрек майдангердің есімі ұмыт қалмауы керек. Отан қорғау жолында қыршынынан қиылған боздақтың есімін Мемориал тақтасына жазып, атына көше берсе де артық емес. Әсіресе, биылғы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Хамит Садуов сынды ержүрек жауынгердің ерлік істерін кеңінен насихаттап, ауқымды шараларға арқау ете білген абзал. Оған Жаңаарқа ауданының әкімдігі мен жұртшылығы бірінші болып қозғау салса өте жарастықты болар еді.

Амандық РАХҰЛЫ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру