Дүйсенбі, 19 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Батыр ағам – аңыз адам

02.05.2025
- Жаңалықтар
0
Батыр ағам – аңыз адам
69
БӨЛІСТІ
191
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Әкесі ақын Тайжан Қалмағанбетовтың өкіметтің таққан жаласынан азап-шегіп жүрген кезі екен. Әкесінің не өлі, не тірі екенін біле алмай, қай түрмеге ауыстырған деген деректерден де хабарсыз еді.

Кенеттен әскери ұйымнан Әшімхан Тайжанұлына шақырту қағаз келіп, әскер қатарына алынып 1939 жылы Қарсақбайдан аттанып кете барды. Ол әке-шешесінің тұңғышы еді. Анасы Өлмесек Жүсіпқызы Қасымхан,
Советхан, Камалтай, Жамалтай атты 2 ұлы, 2 қызына ие болып аңырап, Қарсақбайда қала береді. «Халық жауы» деп жала жабылған ақынның жары жұмыссыз еді. Әшімхан майданға алынғанда 19 жаста еді.

Әскерде жүрген кезде, 1941 жылы дүниенің алапат соғысы басталып Әшімхан Тайжанұлы Беларуссия майданына «Т-26» деп аталатын танкі жүргізушісі болады.

Соғыс майданында танкілер өртеніп, полкта біраз тірі қалғандарды әскери барлауға аттандарды. 1941 – 1942 жылдың көктеміне дейін Мәскеуді қорғауға қатысады. 1942 жылы коммунистік партия қатарына қабылданады. Үшінші Белоруссия майданында «Багратион» операциясына қатысып, кескілескен ерлікпен жаудың бронемашиналары мен танктерін жояды. Ульяновскінің танк училищесін тәмамдап, Белоруссияны, Прибалтиканы майдандастарымен бірге құтқарған екен.

Қаншама елдімекенді, қалаларды соғыс өртінен құтқарып, Кенигсбергке кіріп, көше ұрысында Әшімхан Тайжанұлының танкісі отқа оранып, өртенген тұста, қатты жараланып, госпитальға жеткізіледі.Ұзақ емделіп, 1947 жылы әскерден босатылады. Әшімхан Қалмағанбетов 2 мәрте «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін», «Кенигсбергты алғаны» үшін медалімен марапатталады. Соғыс аяқталған соң «Германияны жеңгені үшін» медалін тапсырады. Кенисбергте 1947 жылға дейін әскери қызметін жалғастырған. От пен оқтың арасында жүріп Әшімхан Тайжанұлы танкіні басқарып ажалмен алысып, батырлық көрсетеді.

Мен гвардия лейтенанты Әшімхан Қалмағанбетовті 1979 жылы ақын әкесі Тайжан атамыздың 100 жылдық тойында алғаш рет көрдім. Сол жылдарда Қостанай облысы Рудный қаласында автобаза директоры болып қызмет істейді екен. Денсаулығына байланысты Рудныйда тұрады екен. Атамыздың 100 жылдығы Жезқазған қаласында, «Аспан» мейрамханасында өтті. Ол жылдары Тайжан атамыздың көзін көрген үлкендер де бар еді. Қарсақбайдан, Жездіден, Ұлытаудан, Сарысу, Жетіқоңырдан тойға қатысқан қарт кісілер Әшімхан көкемізді құшақтап, көрісіп, көздеріне жас алып жатты. Сол кезде ақын атамның 3 ұлы Әшімхан, Қасымхан, Советхан да тірі еді. Ақынның ортаншы ұлы Қасымхан көке баспахананың басшысы, Советхан кенже ұлы Мәскеудің Ломоносов атындағы университетінің заң факультетін бітіріп, Жезқазғанда сот саласында қызмет етті. 1987 жылы мен дәрігерлік қызметім бойынша Алматыда 2 айлық курсты оқыдым. Қазақстан Жазушылар одағының «Сәбит Мұқановтың романдары туралы» баяндама кешіне қатыстым.

Сондай-ақ оқыңыз

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025

Мінбеде отырған жазушы Мұхамеджан Қаратаевқа Ұлытаудан келгенімді, ақын Тайжан Қалмағанбетовтың келіні екендігімді және бір-екі өлеңімді оқуға рұқсат етуін өтініп хат жазып, алдында отырған кісілерден берген едім. Мені бірден мінбеге шақырды. Мен «Кішітау, Ұлытау» деген өлеңдерімді оқып бердім, дикциям жақсы болатын.

Бір кезде: – Ақын атаңыз 1934 жылы ақындардың I слетінде сырнаймен айтысқа түскен. Сонда 8 жасар ұлы мандолинамен «Гәкку» әнін орындап еді, сол ұлы қайда? – деді Сағыныш Сейітов деген кісі. Ол кісінің айтып отырғаны Әшімхан Тайжанұлы болатын. Ол кісінің қайтыс болғанын айтқаным сол еді: – Әттеген-ай, жарқылдап тұрған өрен еді, – деді.

Әшімхан Тайжанұлы батыр да аңыз адам еді. Мұндай ағалардың жүріс-тұрыстары да өзгеше, ұмытылмайды ғой. Егер Тайжан атамыз «үштіктердің» дегенімен атылып кетпегенде еліне, туған жеріне ұрпақтарымен бірігіп, тарихта том болып қатталар дүниелер қалдырар еді ғой деген ойға батам.

Тектінің тұяғы, асылдың сынығы болған Әшімхан Қалмағамбетов 1986 жылы өмірден өтті. Батыр һәм аңыз адамның ерлік ісі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Гүлдәрі Оспанова,
денсаулық сақтау ісінің ардагері,
Тайжан ақынның немере келіні.

Бөлісу28Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру