Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қылмыс пен жаза

Басты айғақ

29.11.2024
- Қылмыс пен жаза
0
Басты айғақ
73
БӨЛІСТІ
202
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

(Соңы. Басы газеттің № 44 (1843) санында.

– Иә, бұл жақтың адамдары емес екі жігіт машинамен келген. Бензиндері таусылып қалған екен. Бензин сатып алған.

– Қандай машина?

– Жеңіл автокөлік.

Сондай-ақ оқыңыз

Қашқын ұрының жазбалары

Қашқын ұрының жазбалары

25.04.2025
Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

25.04.2025

– Нөмірі есіңізде ме?

Қарт Афанасьев машинасының нөмерін айтты.

– Екі жігіт те қазақтар ма?

– Иә, біреуінің жасы қырықтар шамасында, ал екіншісі одан әлдеқайда жас.

– Кескін-келбеттерін суреттеп бере аласыз ба? Біз іздеп жүрген адамдар ма деп тұрмыз.

– Олардың кім екенін ана жігіттен сұраңдаршы. Ол әлгі қонақтармен таныс жандай сөйлескен, – деді қарт арғы шеткі үй жанында тұрған жігітті нұсқап. Ол отыз бес шамасындағы жас жігіт тергеушілер сұрақтарына ашыла жауап берді.

– Жақында осында бензин сатып алған адамды сіз танып, әңгімелескен көрінесіз. Кім ол?

– Иә, ол Берік қой.

– Фамилиясы?

– Жантасов.

– Оны көптен танисыз ба?

– Иә. Осы совхозда жұмыс істегенінен бері білемін. Оншақты жылдан бері.

– Совхоздарыңыз қалай аталады?

– «Жетіқоңыр».

– Ол мұнда не жұмыс істейді?

– Дәнекерлеуші.

– Отбасымен тұрды ма?

– Оның отбасы болған жоқ. Жалғыз өзі тұрды.

– Мұнда қанша жыл жұмыс істеді.

– Үш-төрт жыл.

– Қазір қайда тұрады?

– Жезқазғанда тұрамын деген. Бірақ мекенжайын сұраған жоқпын.

– Астындағы машинасы туралы не айтты?

– Сатып алдым деді.

– Мына адамды танисыз ба? – деп сұрады Бектұрсын папкасынан әлдебір фотосуретті ұсынып.

– Бұл сол Берік Жантасов, – деді әлгі жігіт сенімді түрде.

– Олар сосын қай жаққа кетті? – деп сұрады Амантай.

Жас жігіт Жезқазған – Қызылорда бағытындағы жолды меңзеп Қызылорда жақты нұсқады.

– Беріктің жанындағы серігі кім?

– Оны бірінші рет көрдім. Берік оны Жүніс деп атады.

***

–Бектұрсын, сен әлгі Берік Жантасовты білуші ме едің? Оның суреті сенде қайдан жүр? – деді Амантай олар мінген «УАЗ» түнделетіп Жезқазғанға бет алғанда. Екеуі де көңілді-ақ. Өздері болжағандай, су жаңа автокөлікке қызығып, иесін өлтіріп, машинасын мініп кеткен қылмыскерді жолдары болып, анықтағандарына қалайша қуанбасын. Бектұрсын ол қаныпезерді қайдан білетіндігін әңгімелей жөнелді.

Осыдан оншақты күн бұрын болатын. Кезекші сол күні таңертең ерте Бектұрсынды телефон шалып оятқан. Ол жедел іздестіру тобының құрамында қылмыстық оқиға орын алған мекенжайға келіп жеткен. Сөйтсе Панфилов көшесінде тұратын жеке кәсіпкер Тұрғынбаевтың үйіне бетперде тағып алған екі ер адам қарақшылық шабуыл жасапты. Біреуі шолақ мылтықпен, екіншісі пышақпен қаруланған олар түн ішінде үйге басып кіріп, үй иесі Тұрғынбаевтың, зайыбының және 10 жасар ұлының өміріне қауіп төндіре қорқытып, қол-аяқтарын байлайды. Сөйтіп ақша мен құнды мүліктерді иемденіп, алып кетеді. Тұрғынбаев таңға жақын аяқ-қолының байлауын әупірімдеп шешіп, милицияға телефон шалады. Жедел топ қылмыстық оқиға орын алған мекенжайға келе іске кіріседі. Бірақ қарақшылар әккі болса керек, ешқандай айғақ, із қалдырмапты. Қарақшыларды көрген-білген куәлер де табылмады.

Бектұрсын Тұрғынбаевтың өзімен бірнеше рет жүздесіп, жарты жыл мерзімде, тіпті бір жыл ішінде үйіне кімдер келгенін есіне түсіруді талап етті. Тұрғынбаев арада бір аптадай өткен уақытта барып жазда үйінің ішіне жөндеу жүргізгенін жай әңгіме барысында сөз еткен ғой. Бектұрсын қазбалап сұрағанда барып Өзбекстаннан келген жалдамалы құрылысшылардың ортасында Берік есімді қазақ жігіті болғанын, ол жылмаңдаған мінезімен Тұрғынбаевтың сеніміне кіріп, өзімен жете араласқанын тілге тиек етті. Оны еске түсіре отырып, Тұрғынбаев одан еш күдіктенбейтінін білдірді. Әйтсе де Бектұрсын Беріктен сезіктеніп, онымен жолығуға әрекеттенді. Бектұрсын жедел іздестіру шаралары барысында Өзбекстаннан келген жалдамалы құрылысшылар арасында Берік Жантасовтың да болғанын, осыдан бес күн бұрын, яғни Тұрғынбаевтың үйіне қарақшылық шабуыл жасалған күннің ертеңіне еліне қайтып кеткенін анықтады. Оның фотосуреті өзге де құжаттармен бірге папкасында сақтаулы болатын. Шопан ауылында кездескен жас жігітке көрсеткені Беріктің сол фотосы еді.

Афанасьевтің өліміне байланысты қылмыстық істі тергеуге тартылған Жезді ауданының әріптестері де Жантасовтың суретін көріп таныды. Олар күдіктіні ұзын бойлы, дене-бітімі шымыр адам ретінде суреттеді. Өзбекстандағы Шыршық қаласында 1949 жылы туған екен. Өзбекстанда екі кісіні өлтіруге қатысқаны үшін екі рет істі болып, сот үкімімен кәнігі қылмыскер ретінде танылған, ал бұдан он жыл бұрын Жезді ауданында мал ұрлағаны үшін сотталған. Жезқазғандағы түрмеден шығысымен, милиция есебінде тіркеуге алынады. Төрт жылдай «Жетіқоңыр» совхозында дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Содан еліне кеткеніне үш-төрт жылдай болған.

Бектұрсын мен Амантай жеке кәсіпкер Тұрғынбаевтың отбасына қарақшылық шабуыл жасаған да, жекеменшік көлігімен таксист болған Афанасьевті өлтіріп, марқұмның машинасына мініп кеткен де Берік Жантасов екеніне нық сенімді еді. Ішкі істер басқармасы арқылы кәнігі қылмыскерге іздеу салынған бағыт-бағдарды Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Шыршық, Ташкент қалаларына жіберді. Қазір жолда болуы да мүмкін, әйтпесе Өзбекстанға ендігі барып жеткен шығар.

***

Енді Афанасьевті өлтіруге қатысқан екінші қаныпезерді анықтаулары керек. Жедел іздестіру шаралары барысында Беріктің сыбайлас серігінің бірі Жүніс Смайылов екені анықталды. Ол жасы отыздағы жігіт, «Байқоңыр» совхозының тумасы, Жезқазған қаласының тұрғыны, үйленген, екі баласы бар, тұрақты жұмысы жоқ. Сотталмаған.

Ол үйінде болмады. Келіншегінің айтуынша, сауда-саттықпен айналысатын ол тауар әкелу үшін бұдан екі аптадай бұрын Шымкентке кеткен.

Жүністің фотосын Берік Жантасовты таныған шопан жігітке көрсеткенде, ол бірден бензин сатып алуға келгендердің бірі осы екенін айтты.

Сонымен күдіктілердің кім екені белгілі болды. Енді оларды тұзақтау керек.

Шымкенттен үйіне оралған бетте Жүніс ұсталды. Ал Берік Жантасов көп ұзамай-ақ өзбекстандық әріптестердің көмегімен қолға түсіп, Жезқазғанға әкелінді.

Жауап алу барысында Берік те, Жүніс те қылмысты қалай жасағандарын толықтай мойындады. Олар болған оқиғаны рет-ретімен айтып берді.

… Екі қылмыстық іс те тікелей Беріктің жетекшілігімен жүзеге асады. Бәрі алдын-ала ойластырғандай болып шығады. Берік пен Жүніс алдымен түнделетіп кәсіпкер Тұрғынбаевтың үйіне қарақшылық шабуыл жасап, олжалы болады. Ертеңіне таңертең алдын-ала жасалған келісім бойынша, Афанасьев машинасымен келіп, екеуін алып кетеді. Таксист қомақты жалақыға Талап селосының арғы жағындағы шайханаға екеуін жеткізіп тастауы керек еді. Жантасов Талап селосынан аса бере кіші дәрет алу үшін таксистен тоқтауды өтінді. Афанасьев те аздап бой сергіту үшін машинадан түскен. Жантасов білдірмей артына жақындай келіп, оны қолындағы темірмен бастан ұрады. Сосын Жүніс екеуі жансыз денені жүксалғышқа салып алады да, Сарысу өзенінің адам бара қоймайды-ау деген тұсына апарып, суға лақтырады. Берік содан Шымкентке барған жерде Афанасьевтің су жаңа көлігін сатып жібереді де, оның жарты ақшасын «мырзалық» танытып, өзіне қолұшын беріп, демеу болғаны үшін Жүніске ұстатады.

Марқұм Афанасьевтің ол «Жигулиі» Шымкенттің маңайынан табылды. Қылмыстық істің басты айғағы болып табылатын бұл машина Жантасов пен Смайыловтың қылмыстық ісі қаралған сот отырысынан кейін Афанасьевтің ұлына қайтарылды.

Гүлназ ОМАРОВА,
Шахмұрат ИБАДАТҰЛЫ.

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру