Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Бас тартудың мәнісі

21.01.2022
- Жаңалықтар
0
Бас тартудың мәнісі
150
БӨЛІСТІ
416
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Малдың басын қадірлеу – көшпелі өмір салтын өткерген халқымыздың ертеден қалыптасқан жөн-жоралғыларының бірі. Сондықтан, қазақ қуанышта болсын, қайғыда болсын табақ тартқанда басқа айрықша мән беретіні белгілі. Кәделі рәсімге сойылған малдың басы немесе шекесі әдетте жасы үлкен қарияға, жолы лайықты сыйлы қонағына әйтпесе құдаға тартылады. Бас ұстаған сыйлы адамның бұл кәделі асқа жауапкершілігі де үлкен болған. Алайда, осы күні бастан қадір кеткен бе, әлде үлкендеріміздің ата салтын ұстанудағы немқұрайдылығынан ба, бас ұстау кәдесінің онша сақтала бермейтінін байқауға болады. Құдайы астарда отырған жамиғаттың бастан қашқандай, қадірін кетіріп үстелден үстелге беріп, жағалатып жүргенін жиі көреміз. Осыған орай, бас тартудың ұлтымыздың арасында қалыптасқан кейбір тәртібі мен мәнісіне назар аударғанды жөн көрдік.

Иә, қазақ қонақасы табағына қазы-қарта, жал-жаясын сала отырып, кәделі мүше ретінде бас тартуға да ерекше мән берген. Сыйлы қонаққа бас тартылмай қалса, үй иесі үшін ол үлкен кемшілікке саналған. Ал, басты салт-дәстүрімізге сай дұрыстап тартудың да өзіндік мәнісі зор. Ірі малдардың басын кеңсірігінен айырған соң екіге бөліп қос шеке жасайтыны белгілі. Құдайы ас пен тойда ғана емес, соғымға сойылған малдың шекесін де үлкендерге тартып, әруақтарға құран бағыштау да ұлтымыздың ежелден қалыптасқын ұстынды ғұрыптарының бірі. Бұл бір жағы ағайын-туыстың дастарханда басын қосып, соғым басынан ауыз тие отырып сыйластықтарының жалғасуына себепші болатын ізгілікті іс саналады. Шекені дастарханға әкеліп, құрметті қонақтың алдына тартқанда шүйде жағын алдыға қаратып ұсынады.

Сыйлы қонаққа арналып сойылған қойдың басын тартудың да өзіне тән тәртіптері бар. Қойдың басының тісі қағылып, кеңсірігінің тазалануына айрықша мән беріледі. Піскен басты тартарда маңдайы қасқаланып тілініп, оң жақ құлағын кесіп алып қалады. Бізге жеткен аңыз әңгімелер бойынша оның сыры мынадай: маңдайын қасқалау – қонаққа құрмет, жолы ашық болсын деген ниет көрінеді. Оң құлағын кесіп алып үйдің кенжесіне беру – шаңырақ иесі болатын балаға жегізіп, «ырысым, несібем өз үйімде қалсын» деген ырымнан туған. Бұған байланысты әр өңірдің өзіне тән ерекшеліктері де болады. Басты үлкен дастарханға апарудың да өз ережесі бар. Бас міндетті түрде бөлек табаққа салынып, тұмсығын алға қаратып әкелінеді. Етпен бірге нанның үстіне салып әкелу үлкен қателік болып саналады. Бас ұстаған қария немесе сыйлы адам бастан өзі ауыз тиген соң жанында отырғандарға кәделеп үлестіре бастайды. Әр бөлігін орамды ой, орынды тілек айтып ұсынса тіпті ғанибет. Құлақ үйдің кішілеріне бұйырады. «Құлағың әрдайым түрік болсын, ұлағатты сөзді ұйып тыңда» деген сыңайдағы тілекпен ұсынуға болады балаға. Көз – бастың ең кәделі мүшесі болғандықтан, оны қатарлас құрдас, сыйлы адамға «бірімізді біріміз алыстан көріп,, аман-саулығымызға көз салып жүрейік» немесе «жақын адамдарыңа қамқорлық жасап, көз қырыңды салып жүргейсің» деген ниетпен ұсынады. Желкедегі қоңды жерінен кесіп алып жас азаматтарға: «желкең күжірейіп өссін, жас та болсаң, бас бол» деп асатады. Таңдайын алып «жезтаңдай әнші бола ғой» деп жастардың біріне ұстатады. Езуінен кесіп алып отырғандарға «езулеріңнен күлкі, жүздеріңнен қуаныш кетпесін» деп ауыз тигізеді. Содан кейін барып әрі қарай дастархан басындағы сыйлы қонақтардың біріне немесе үй иесіне басты табағымен ұзатып жіберуге болады. Ол үшін бастың бір жақ бөлігін жемей қалдыру керек. Сондай-ақ бастың бір көзі ғана алынады. Екі көзі ойылған бас дастархан үстінде әрі қарай берілмейді. «Бас көзсіз жүрмейді» деген сөз бар. Ал, кей жерлерде «екеуін екі адам жесе алакөз болады» деп екі көзді де бір адамға беріп жатады. Бұл жөніндегі пікірін сұрағанымызда ардагер журналист, Қасым Орынбетов ақсақал:
– Көздің еті тәтті болған соң әзілкеш біреудің ойлап шығарғаны болар. Әр жердің салты әртүрлі ғой. Дегенмен, біздің Арқа елінде бастың бір көзін екі адам бөліп жесе алакөз болады деген ұғым бар. Ал, екі көзін бірдей бір адамның жеуі оншалықты дұрыс емес. Екінші көзі үйдің иесіне қалсын деген ниетпен бас ұстаған адам бір көзін ғана алатын болған, – дейді.

Негізгі айтпағымыз, бүгінде басқа қатысты осы салт-дәстүрлеріміз сақтала бермейтін болып барады. Көзі ойылған, миы желінген шекені де табақтан табаққа, үстелден үстелге жағалатып қыдырта береміз. Осыған абай болайықшы. Бұл жайында үлкендік жол көрсетіп, жөн-жобаны айтып отыратын ақсақалдарымыз да азайып бара ма, қалай? Қалай десекте, сыйлы қонаққа тартылып, кәделі мүше саналатын бастың қадірін кетірмейік, ағайын!

Сондай-ақ оқыңыз

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу60Твитерге38
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру