Сейсенбі, 3 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс»: қолдау

«Балдәурен» балаларды қуантты

25.08.2023
- «Қазақмыс»: қолдау
0
«Балдәурен» балаларды қуантты
94
БӨЛІСТІ
262
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өздеріңіз білетіндей, «Қазақмыс» – жұмысшылар мен олардың отбасыларына үлкен қамқорлықпен қарайтын әлеуметтік бағдарланған компания. 2023 жылы біздің еңбеккерлердің балаларына сапалы демалыс ұйымдастыру үшін компания «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығымен шарт жасасты.

«Күміс Алқа» және «Алтын Алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар қатарындағы жұмыскерлердің балаларына, өндірісте еңбек жарақатын және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан I және II топтағы мүгедектердің балаларына, сондай-ақ, жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан жандардың  балаларына жолдамалар тегін табыс етілді. Топ қызметкерлерінің басқа санаттары оларды жолдаманың жалпы құнының 20% – на сатып ала алады, қалған сома компания есебінен төленеді.

Жылдың төрт мезгілінде «Қазақмыс» өндірістері бар өңірлердің балалары әлеуметтік қызметкерлермен, күзетшілермен және дәрігерлермен бірге теміржол арқылы Бурабай курортының үздік лагерьлерінің бірі – «Балдәурен» орталығына келді. Бүгінгі таңда бұл орталықтың ТМД елдерінде және Орталық Азия өңірінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру, сауықтыру, сондай-ақ, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау қызметтерінің спектрі бойынша баламасы жоқ.

Мұнда балалар үшін оқу және тұру үшін заманауи жайлы жағдайлар қарастырылған, бұл – алты қабатты жатын корпусы, бес қабатты тәулік бойы жұмыс жасайтын медициналық кешені, кітап қоры бай заманауи кітапхана, спорт және ойын залдары бар екі қабатты спорт корпусы, халықаралық стандарттар бойынша құрылған жабық бассейн және жаңадан жүзіп үйренушілерге арналған  шағын бассейн.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

Күніне бес рет тамақтанудан басқа, демалушылар массаж, су процедуралары, емдік ванналар, сауналар, коктейльдер, таза ауа сынды   профилактикалық және сауықтыру шараларын қабылдайды.

Әр ауысымның ашылуы демалысқа келгендерге бір-бірімен танысуға мүмкіндік беру үшін концерттен басталды. Содан кейін балалардың бос уақытын әр балаға өз хоббиін табуға мүмкіндік беретін жан-жақты іс-шаралары бар күнделікті қызыққа толы бағдарламалар қамтамасыз етті.

Оқу-танымдық үйірмелер, кез-келген талғамға сай, балалардың назарын ұзақ уақыт бойы игере алады. Бірі «жас дәрігер» болса, енді бірі робототехника немесе тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарына қызығады. Ал лагерьдегі Ұлттық мұражайға барған кезде өнер туындыларымен  танысып, асқан қызығушылық танытады. Айтпақшы, ең көп баратын үйірмелердің бірі сурет сабақтары мен қыш ыдыстары үйірмелерінде балалар өздері жасаған туындыларды «Балдәуренді» еске алу үшін
қуана-қуана үйлеріне алып кетеді.

Бурабай курортының туристік орындарына экскурсиялар «Балдәуренге» барудың міндетті рәсімінің бірі болды. Оқжетпес тауы, Абылай хан алаңы және Жұмбақтас жартасы сияқты тарихи орындармен танысып, жылы және шуақты ауа-
райында демалыс бағдарламасы Шортанкөлде шомылу және катамаранмен серуендеу арқылы толықтырылады.

Ауысымның жабылуы әдетте шахмат, дойбы, үстел теннисі және футболдан үздік спортшыларды марапаттаумен аяқталады.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру