Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мереке айшықтары

Балаларға – базарлық

1 маусым

02.06.2023
- Мереке айшықтары
0
Балаларға – базарлық
87
БӨЛІСТІ
243
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Күні кеше, 1 маусымда әлем жұртшылығы Халықаралық Балаларды қорғау күнін атап өтті. Біз жас оқырмандарымызға белгілі балалар ақыны, жерлесіміз Ернұр Сейдахметтің бір топ аудармасын ұсынып отырмыз.

 

Арамен болған әңгіме

Марина Бородицкая

Сондай-ақ оқыңыз

Сәтбаевта Наурыз кеңінен тойланды

Сәтбаевта Наурыз кеңінен тойланды

28.03.2025
Ұлытаулықтар Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтті

Ұлытаулықтар Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтті

28.03.2025

– Не айтасың ал енді?

Шағып алдың мені, ара,

– Жж-жайнап тұрған әдемі.

Гүлді жж-жұлдың сен жж-жаңа,

 

Торғайлар

Валентин Берестов

«Аязы көп болды айлар,

Балалар аз соныойлар,

Жеттік аман көктемге»

Деп әндетті торғайлар.

 

Сағат

Самуил Маршак

Жүреміз түнде,

Жүреміз күндіз.

Шеңберді күнде,

Айналып жүрміз.

Болмасын бос күн,

Сабақтан қалма.

Жаңылмас доспын,

Сындырып алма.

Достық ақыл

Шағыпалса

Қалақай,

Өзіңненкөр,

Балақай!

 

Балық неге үндемейді?

Игорь Мазин

Кісінейді құлындар,

Маңырайды тұсақ та,

Мөңірейді сиырлар,

Мияулайды мысық та

Ұл емеспін еріккен,

Мазалайды сұрақтар.

Не себепті?

Неліктен,

«Дым» демейді балықтар?

Тұңғиықта, тереңде,

Су ішінде жүреді.

Аузын ашса егер де,

Аузына су кіреді.

 

Құлып, төбет және күзетші

Рашид Рашидов

Дедіит: Түн, тез өтші,

Іздеп, қайдадемес те,

Бар емеспе күзетші,

Құлып мықты емес пе?

Мұнда ұры келместе,-

Деді құлып ойлана.

Күзетші бар емес пе?

Жүр ғой төбет аулада.

Күзетші: Ұйқым келіп тұр,

Мені ұятқа қалдырмас.

Есікте дәу құлып тұр,

Ит те жауға алдырмас.

Ит қаңғырып кетті де,

Жамылды атай тұлыпты.

Ұры сондай епті ме?

Оңай ашты құлыпты…

…Жарық болды айнала,

Ұры-қары жоқ мұнда.

Иті де жүр аулада,

Құлып та тұр орнында.

 

Түлкі

Қоя бермей жөніме,

Мінген атын қамшылар.

Тымақ үшін теріме,

Қызығады аңшылар.

 

Даланың қыс, жазы… бар,

Маған қымбат – әркүнім.

Қуған кезде тазылар,

Құтқарады құйрығым.

 

Қоңыз

Сергей Михалков

Сорлы қоңыз… байқайық,

Жолда жатыр шалқайып.

Жатқан жоқ ол алаңсыз,

Ызылдайды амалсыз.

Кім ажалмен алысқан?

Көрді де жай алыстан,

Асыққандай жұмысқа,

Өтіп кетті құмырсқа.

Көмек берер дегенек,

Ұшып кетті көбелек.

Өрмекші де көрмеді,

Кідіргісі келмеді.

Табиғатқа тамсанып,

Шегіртке жүр ән салып.

Жатыр қоңыз өлгелі,

Ешкім көңіл бөлмеді.

Кенет…

Маған сенсеңіз,

Қонды қоңыз сеп-семіз.

«Саған көмек керек пе?

Келдім, – деді, – көмекке».

…Тұрды қоңыз аяққа,

Бармақшы еді қай жаққа?

Алмақшы еді жолқарап,

Құлап түсті домалап.

Жатыр қоңыз шалқайып,

Кім құтқарар?

Байқайық…

 

Етікші

(Шет ел фольклоры)

Етікшінің қарашы,

«Тық-тық» дейді балғасы.

Береке бар ісінде,

Тек біз бен жіп керегі.

Бала мысық үшін де,

Етіктігіп береді.

 

Өтірік өлең

(Шет ел фольклоры)

Қоян-ноян қасқырды,

Қорқақсың деп састырды.

Аю ағай алты күн,

Бұзды үйдің шатырын.

 

Түлкідосбопүйрекпен,

Жөн-жобаны үйреткен.

Бәріне сенген осының,

Ақымақтың мен досымын.

 

Бөлісу35Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру