Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Балалар өз ақынымен кездесті

26.11.2021
- Жаңалықтар, Өндіріс өрендері
0
Балалар өз ақынымен кездесті

image description

121
БӨЛІСТІ
337
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Балалар поэзиясында өзіндік жол мен қолтаңбасын қалыптастыруға ұмтылып жүрген балалар ақыны Ернұр Сейдахмет өңірдің жыр сүйер қауымына кеңінен танымал.

Е. Сейдахмет – бала мінезінің аңғалдығын, қиялының ұшқырлығын дөп басатын «Қашан үлкен боламын?», «Күлші, қане, балақай», «Тентек доп» кітаптарының авторы, 2007 жылы республикалық «Астана-Бәйтерек» байқауының 3-орын иегері, 2012 жылы «Кім ақылды, кім зерек?» атты өлеңдер топтамасымен «Дарабоз» бәйгесінде жүлделі 3-орын иегері, 2013 жылы балалар ақын-жазушыларының республикалық «Балауса» бәйгесінде «Еңбек шынықтырады» өлеңдер топтамасымен 3-орын жүлдегері.
Жезқазған қаласындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Келбет» жобасы аясында балалар ақыны Ернұр Сейдахметтің «Балаларға бақыт сыйлаған» атты кездесу кеші өтті. Аталмыш іс-шараға Ернұрдың оқып, білім-алған №13 мектебінің 6 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
Ернұр Сейдахмет балаларға арнап көптеген өлеңдер жазды. Қай өлеңін алып қарасақ та, бала мінезін, іс-қылығын айнытпай көрсете алған ақын. Өлеңдері жас оқырмандарды қызықтырады. Оның кітаптарынан әр түрлі тақырыпта өлең де, аудармалар да, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды да табуға болады.
Кеш барысында кітапханашылар ақынның «Тентек доп», «Қашан үлкен боламын», «Күлші, қане, балақай» атты кітаптарын оқырмандарға таныстырды.
Ернұр оқушыларға өзі жайында қысқаша айта келіп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді, оқушыларға өзінің ақ жарма тілектері мен лебіздерін білдірді.
Өндіріс пен өлеңді қатар алып жүрген ақынға кездесу соңында кітапханашылар шығармашылық табыс тілей отырып, Алғыс хат табыс етті.

Жанель Досетова,
балалар мен жасөспірімдер
кітапханасының кітапханашысы.

Бөлісу48Твитерге30

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Ұжымым – екінші отбасым»

    102 бөлісті
    Бөлісу 41 Твитерге 26
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру