Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

Байытушылар – құрмет төрінде

29.08.2025
- «Қазақмыс», Жаңалықтар
0
Байытушылар – құрмет төрінде
79
БӨЛІСТІ
220
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жыл сайын тамыз айының соңғы жексенбісінде аталып өтілетін Байытушы күніне орай Жезқазған байыту фабрикасында еңбек озаттарын ұлықтау жиыны өтті. Жиынды фабрика директоры Медет Әтен құттықтау сөзімен ашып, салтанатты бас қосуға жиналған байыту саласы ардагерлері мен еңбеккерлеріне алғысын білдірді.

– Кен байыту саласы индустрияның негізгі қозғаушы күші. Сондықтан бұл саланы өркендету ісінде әрқайсыңыздың еңбектеріңіз айрықша мәнге ие. Осы жолды қалыптастырған аға буынға мың алғыс. Алдағы жоспарларымыздың жүзеге асуына бірлесе еңбек ете береміз, – деді Медет Әбутахирұлы.

Фабрика директоры кен байыту ісінде өлшеусіз еңбек сіңірген жиырмаға жуық еңбек озатына ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін тапсырды. Мұнан кейін құттықтау және марапаттау легін алған фабриканың бас инженері Алмас Мырзабеков әріптестерін «Қазақмыс» Холдинг» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриевтің Құрмет грамоталарын тапсырды.

Сондай-ақ жиында «қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жезқазған тау-кен өндірісінің бас директоры Данияр Жаналиновтің Құрмет грамотасы табысталды. «Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалының аппарат жетекшісі Әлия Өксікбаева байытушыларға жүрекжарды лебізін арнай келе, бір топ өндіріс озатын партия атынан марапаттады. Фабрика директоры Медет Әбутахирұлы байыту саласында үлкен мектеп қалыптастырған ардагерлерге құрмет көрсетіп, аға буынды арнайы ұлықтады.

Мұнан кейін сахна төріне Жезқазған байыту фабрикасындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Майра Әлбаттина көтеріліп, әріптестеріне құттықтауын арнады. Майра Ерғалиқызы өндірістік көрсеткіштерді орындауда жетістікке жеткен бірқатар еңбеккерге «Еңбек озаты» және «Кәсіподақтың Құрметті қайраткері» төсбелгілерін тапсырды. Бір топ еңбеккер кәсіподақтың Құрмет грамоталары мен Алғыс хатына ие болды.

Салтанатты жиында омырауына ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін таққан Жанар Малаева 20 жылдық еңбек өтіліне «Қазақмыс», фабрика, цех басшылығының көрсеткен құрметіне алғысын білдірді.

– Байытушының қызметінде қызығы мен қауіп-қатері, қиындығы қатар жүреді. Мұнда келгеніме 20 жыл уақыт өтіпті. Алғаш келгенде мені осы кәсіпке баулығын Бәтима Смағұлова болатын. Осы жылдар ішіндегі менің еңбегімді бағалаған басшылыққа алғысымды білдіремін. Флотацияның өз деңгейінде қызмет атқаруына үлес қосып жүрген цехтағы барша әріптестерімді мерекемен құттықтаймын, – деді еңбек озаты.

 

 

Бөлісу32Твитерге20

Көп қаралған

  • Жеңіс туын желбіретті

    Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру