Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Байытушылар – кубог иегерлері

19.08.2022
- Кәсіподақ тынысы
0
Байытушылар – кубог иегерлері
94
БӨЛІСТІ
260
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы  еңбеккерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық шаралардың өз деңгейінде өтуіне ұйытқы болып жүрген «КәсіпҚорған» кәсіподағының Жезқазған филиалы кеншілер мен байытушылардың төл мерекесі қарсаңында «Кубог-2022»  атауымен шағын футболдан турнир өткізді.

Аймақтағы кеніштер мен байыту фабрикасының ұжымынан іріктелген командалар қатысқан байрақты бәсеке тартысты өтті. Ала доп бәсекесі десе делебесі қозатын  еңбеккерлер жарыс алаңында қызу ойын өрнегін көрсетті.  Алғашқы ойындарда-ақ жеңіске ұмтылған командалар ақтық мәреге жолдама алды.  Ұжым абыройын асқақтатып, намысты қолдан бермеуге тырысқан Жыланды, Батыс кеніштері мен Жезқазған кен байыту фабрикасының ойыншылары ақтық сында оңай шағылатын «жаңғақ» еместіктерін дәлелдеді.

Кәсіподақтың Жезқазған филиалының төрағасы Ақылбек Төлепбергеновтің бастамасымен қолға алынған бұл жарыста шын мықтылар дараланды. Жарыс қорытындысы бойынша,  Жыланды кенішінің командасы үшінші орынды иеленсе, батыстықтардың еншісіне екінші орынның жүлдесі бұйырды. Бірінші орынның тұғырына Жезқазған кен байыту фабрикасының командасы көтеріліп. Кубог иегерлері атанды.

Сондай-ақ, турнир  барысында үздік ойын көрсеткен Батыс кенішінің еңбеккері Асхат Тұрлыбек «Ең үздік ойыншы», энергетика басқармасынан Ғалым Бадағұлов «Ең үздік шабуылшы», Жезқазған кен байыту фабрикасынан Мейіржан Фермағали «Ең үздік қақпашы», Жыланды кенішінен Айбек Бекмырза «Ең үздік қорғаушы» номинациясына лайық деп танылды.

Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.

Бөлісу38Твитерге24

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1549 бөлісті
    Бөлісу 620 Твитерге 387
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру