Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

Байыпты үш бағыт

05.08.2022
- Өндіріс өрісі
0
Байыпты үш бағыт
71
БӨЛІСТІ
197
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кәсіпорындары күні-түні тыным таппай: шахта шыңырауынан шұрайлы шикізат шығарып,  байыту барысында одан құнарлы концентрат алып, ақырында концентратты саф алтындай сары мысқа айналдырған «Қазақмыстың» сан қырлы қызметін безбендесең, бірін-бірі толықтырған үш байыпты бағытты байқайсың. Олар: компания кәсіпорындары орналасқан өңірдегі жұртшылықтың әл-ауқаты мен кәсіби біліктілігін арттыру, шикізат қорын нығайту, сосын жұмысты жеңілдету мақсатында өндіріс үдерісін одан әрі автоматтандыру.

 

Қамқорлық – қашанда назарда

Екі жылдай дүниені дүрліктіріп, әлемді әбігерге салған індет сындарлы сәт болғаны белгілі. «Қазақмыс» сол сынақтан сүрінбей өтті. Маман-жұмысшылары мен олардың денсаулығын алдыңғы қатарға қойды. Бұл бағытта салиқалы саясат ұстанып, белгіленген мақсатқа жетудің барлық мүмкіндігін қалт жібермеді. Материалдық көмек көрсетуге, медициналық жабдықтармен және керекті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қыруар қаржы жұмсады.

Компания кәсіпорындары орналасқан өңірдегі жұртшылықтың әл-ауқаты мен кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында қалыптасқан жағдайға жан-жақты терең талдау жасады. Соның негізінде жергілікті билікпен бірлесе отырып Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш аймағын тұрақты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын жасады. Жұртшылық жылы қабылдаған бұл бағдарламада экономиканы өркендету, әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін көтеру және инфрақұрылымдарды жетілдіру қамтылды.

Сондай-ақ оқыңыз

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024
Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024

 

Берік кен қоры – береке бастауы

Шикізат қорын нығайтудың негізі ретінде компания геологиялық-барлау жұмысына инвестиция тарту, сала кәсіпорындарына ақпараттық технология енгізу, геологиялық-барлау жұмысымен айналысатындардың біліктілігі мен білімін арттыру саясатын ұстанған. Қазір «Қазақмыстың» геологиялық-барлау партиясы минералдық-шикізат базасын нығайту бағытында 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Мақсат – 2025 жылға дейін мыс қорының өсімін 10 миллион тоннаға арттыру.

Жаңа кен қабатын іздестіруге келетін болсақ, бүгінде геологиялық-барлау жұмысы соны серпінмен жүйелі жалғасын табуда. Минералдық-шикізат базасы негізінен Қарағанды, Жезқазған, Балқаш өнеркәсіптік аймағында шоғырланған. Егер ағымдағы жылдағы көрсеткішке қарасақ, осы жылдың табалдырығын «Қазақмыс» 975 миллион тонна тауарлы кен қорымен аттағанын көреміз. Бұл – 8 миллион тоннаға жуық таза мыс деген сөз.

Жезқазған кенді аймағын кешенді зерттеуге айрықша назар аударылған. Мамандардың бағалауы бойынша безбендесек, оның мүмкіндігі өте жоғары. Мәселен, алдын ала жүргізілген зерттеудің негізінде жасалған есеп-қисапқа сүйенсек, оның минералдық-шикізат ресурсын 60 миллион тоннаға дейін толықтыруға мүмкіндігі бар (келесі мақалада кен қорына кеңінен тоқталамыз – авт.).

 

Жұмысты жеңілдету жолында

«Қазақмыстың» таяу болашақта басымдық беріліп отырған жобалары өндірісті ұлғайтумен байланысты. Мәселен, жаңадан қатарға қосылған «Жайсаң» және «Қажықонған» кеніштері өндіріс көлемін 1,5 есе ұлғайтуға қол жеткізеді деп күтілуде. Ал, Жезқазған жағында өндірістік қуаты игерілу үстіндегі «Жыландының» жөні таза бөлек. Келешекте оның шахталарында жылына 8 миллион тоннаға дейін кен өндіріледі деп күтілуде.

Егер өңдеуден өткізіп, кәдеге жаратпаса, қыруар кен өндірудің қажеті қанша? Сондықтан, «Қазақмыс» жұмыс істеп тұрған кен өңдеу қуаттарын жаңғыртумен айналысуда және жаңадан байыту фабрикасын салмақшы. Мәселен, Жезқазған өнеркәсіптік алаңында қуаты жылына 23 миллион тонна кен өңдеуге жететін жаңа байыту фабрикасы қатарға қосылады. Сондай-ақ, Нұрқазған кенішінде кен өндіру көлемі 6,5 миллион тоннаға жеткенде тығырыққа тіреліп қалмау үшін оның байыту фабрикасы түбегейлі өзгеріске түседі.

Негізі жұмысты жеңілдету жолында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Соңғы 4-5 жылдың өзінде өндірістік үдерісті бақылауды жеңілдететін бірнеше маңызды техникалық шешімдер жүзеге асырылды. Өндірісті бақылаудың тиімділігін арттыру, ең алдымен, адамдардың қауіпсіз еңбегін қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы технологиялық қайта жарақтандыру аясында автоматтандыру жүйесін өндіріске енгізу, сайып келгенде, компанияның бәсекелестікке қабілетін арттырады.

Әлібек ӘБДІРАШ,

Қазақстанның Құрметті журналисі.

 

 

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру