Сәтбаев қаласындағы Максим Горький көшесінің жол жиегінде бөрене бағанның қисайып тұрғанына бірнеше жылдан асты. Түбін мықтап құйғандығынан болар, баған қисайып тұрса да жел мен дауылға дес бермеуде.
Дегенмен, адам өміріне кенеттен қауіп төндіретіні көрініп-ақ тұр. Күндердің күнінде жаяу жүргіншілерді басып қалмасына кім кепіл? Осы бағанды жауапты мекеме ауыстырар деген ниетпен күтіп жүрген едік. Алайда, «белі бүгілгеннен» бері ешкімнің оған назары түскен жоқ.
Әлде, бағанды ауыстыру үшін оның құлап, біреуді жазым еткенін күтеміз бе? Салғырттықтан сан соғып қалмай тұрғанда осы бағандарға жауапты мекеме мәселені қолға алып, ауыстырады деген үміттеміз.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.