Сейсенбі, 16 Желтоқсан , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Бабалар ізімен Теміртаудан – Ұлытауға

23.05.2025
- Жаңалықтар
0
Бабалар ізімен Теміртаудан – Ұлытауға
69
БӨЛІСТІ
193
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында металлургия саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Бірлік жолы» атты тарихи-танымдық сапар ұйымдастырылды. Теміртау – Қаражал – Жезқазған бағытында өткен бұл экспедицияның мақсаты – өндіріс саласындағы тәжірибе алмасумен қатар, тарихи және мәдени мұраларды дәріптеу.

«Qarmet» пен «Kazakhmys Smelting» компанияларының қызметкерлері Теміртаудан Ұлытауға дейін тарихи-танымдық сапар шекті. Сапар барысында делегация Қаражал қаласындағы кен орындарын аралап, өндіріс барысымен танысты. Жезқазғандағы бағдарлама мыс қорыту зауытынан басталды. Қара және түсті металлургия саласының мамандары бір-бірімен тәжірибе алмасып, өндірістік үдерістер жайлы пікір алмасты.

Жезқазған мыс қорыту зауытының директоры Саян Әтен:

– Бұл іс-шараға «Qarmet» металлургия комбинатының ардагерлері мен жұмыскерлері келді. Бұл эстафетада екі тарап бір -бірімен тәжірибе алмасуға негіз болды. Сондықтан да біз өте қуаныштымыз. Бұндай іс-шаралар әлде де жалғаса берсе, металлургия саласындағы тәжірибе де толыса түседі, – деді.

Сапар қазақтың маңдайына біткен геолог-ғалым, қоғам қайраткері, академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші тұрған алаңда жалғасты. Онда салтанатты жиын өтіп, іс-шара қатысушылары академиктің еңселі ескерткішіне гүл-шоқтарын қойып, тағзым етті. Меймандар Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейі мен «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы музейге де арнайы саяхат жасады. Мұнда қатысушылар тарихпен етене танысып,бабалар жолын зерделеді. Облыстық тарихи-археологиялық музейінде түрлі көне заттар мен тарихи деректер көрсетілсе, ал «Қазақмыс» музейінде компанияның қалай құрылғаны және өндірістегі жетістіктері кеңінен таныстырылды.

Сапар Ұлытау бағытымен жалғасын тапты. Қатысушылар өңірдің киелі орындарын аралап, тарихи-мәдени мұралармен танысты. Олар Жошы хан мен Алаша хан кесенелеріне барып, бабалар рухына тағзым етті. Жошы хан кесенесіне тағзым еткен соң, делегация сапарын Алашахан кесенесінде жалғастырды. Қазақ хандығының негізін қалаған тұлғаларға құрмет көрсету – экспедицияның негізгі мақсатының бірі болды. Теміртаулық суретші Болат Асқаров бұл сапардан шығармашылық шабыт алғанын айтады.

Ал, «Qarmet» АҚ металлургия комбинатының ағаш ұстасы Төлеуғазы Дүйсенбеков:

– Бұл экспедициядан мен керемет әсер алдым. Ең бірінші, Қаражал кен байыту комбинантынан басталған сапарымызда ол жақтың металлургтерінің қажыр-қайратына тәнті болдық. Міне енді, «Қазақмыс» корпорациясының металургиядағы жетістіктеріне куә болдық. Жезқазғанда мыс алу үдерісінің тарихымен танысқанымызда бұл өңір ежелгі металлургияның мекені екеніне көз жетті, – деді. «Бірлік жолы» тарихи-танымдық сапары – бұл тек өндірістік тәжірибе алмасуға арналған жоба емес. Сапар барысында қатысушылар тарихи мұраны танып, еңбек адамын ұлықтау мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ерекше назар аударды.

Бөлісу28Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

15.12.2023
«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

16.02.2024
Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

13.12.2025
Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

12.12.2025
«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

12.12.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру