Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Әуесқой зілтеміршілер жеңісі

14.07.2023
- Кәсіподақ тынысы
0
Әуесқой зілтеміршілер жеңісі
86
БӨЛІСТІ
238
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану адамға сергектік сыйлап, бойына күш-қуат дарытатын басты құралдың бірі. Әсіресе, ауыр өндірісте еңбек етіп  жүргендердің  спортқа жақын болуы денсаулығының кепілі болып табылады. Осыны бағамдай білген «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы мен «Jastar Bolashaq» Жастар одағы бірлесіп жыл сайын жазғы және қысқы спартакиада ұйымдастыруды жолға қойған.

Дәстүрлі шараның аясында бірнеше спорт түрлерінен турнирлер өткізіліп келеді. Кезекті жарыс зілтемір көтеруден өтті. Оған «Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған өңіріндегі құрылымдардан еңбеккерлер қатысты. Әуесқой зілтеміршілердің жарысы ерлер мен нәзік жандар арасында ұйымдастырылды. Темірді бұйым құрлы көрмейтін кәсіпқойлардан кем түспейтін турнир қатысушылары арасында мықтыны анықтау да оңай болған жоқ.

Бәсекенің әйелдер арасындағы жүлдесін сарапқа салғандар қатарында бірінші орынды Сәтбаев қаласындағы жылу,энергетика орталығы кәсіпорнынан Гүлнұр Дүйсембекова жеңіп алды. Екінші орынды «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-нің намысын қорғаған Юлия Стогний еншіледі. Жылу, энергетика кәсіпорнынан Мария Бучацкая үшінші орынның тұғырынан көрінді. Ерлер арасында 85 келі салмаққа дейінгі бәсекеде  Жезқазған мыс қорыту зауытының еңбеккері Әшім Әбдінасыров бірінші орының жүлдесін қанжығасына байласа, Шығыс Жезқазған кенішінен Данияр Тасмағанбетов екінші орынды иеленді.

«Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС-нен  Рустам Арманшин үшінші орынды місе тұтты. 854 келіден жоғары салмақта бабын сынағандар қатарынан «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-нен Александр Соловьев жеңімпаз атанса, Жылу, энерегтика кәсіпорнынан Илья Московкин екінші орынды қанжығалады. «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС-нен Александр Цой үшінші орынңа табан тіреді.

Турнир жеңімпаздарын «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалының аппарат жетекшісі Жанар Салықова мен «JastarBolashaq» Жастар одағының төрағасы Луиза Мыңбаева марапаттап, қатысушыларға алғыстарын білдірді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу34Твитерге22

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1549 бөлісті
    Бөлісу 620 Твитерге 387
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру