«Қазақмыс»» корпорациясы» жанындағы «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігіне қарасты Жезқазған өңіріндегі филиалдың есебінде 4773 зейнеткер, 19 бастауыш ардагерлер ұйымы бар. Ұлы Отан соғысына қатысқандарға теңестірілген 1 зейнеткер, 25 тыл ардагері, 38 жалғызбасты зейнеткер есепте тұр. 9 зейнеткер «Еңбек даңқы» белгісінің толық иегері.
Жезқазған филиалы бюро мүшелері белгіленген жоспар бойынша отырыс өткізіп отырады. Ардагерлер кеңесінің ұсынысының негізінде 96 зейнеткер «Еңбек ардагері» медаліне, 361 зейнеткер «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Құрметті еңбек ардагері» төсбелгісіне, Жезқазған мыс қорыту заводының ардагері Жетпіс Шынқожаев, Жезқазған байыту фабрикасынан Жұмағұл Жақанов, құю-механикалық заводының зейнеткері Яхия Көпеев Жезқазған қаласының Құрметті азаматы атағына ие болды. Сонымен бірге 1 зейнеткер Ұлытау облысының «Құрметті еңбек ардагері» медаліне, 4 зейнеткер «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің «Құрмет белгісі» төсбелгісімен, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің Алғыс хатымен 3 ардагер, Ұлытау облыстық Ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен 4 ардагер, облыстық Ардагерлер кеңесінің Алғыс хатымен 5 зейнеткер марапатталды.
Зейнеткердің өтініші негізінде бөлінген бюджетке сәйкес материалдық көмек көрсетіледі, 90 жасқа толған еңбек ардагерлерін қаржылай марапаттап, жергілікті «Мысты өңір», «Подробности» басылымдарына құттықтаулар берілді. Бөлінген қаражаттың жағдайына қарай мектептерге оқушылармен кездесуге, сенбіліктерге қатысып жүрген белсенді зейнеткерлерді, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағаларын марапаттау жұмыстары қолға алынды. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы қарсаңында «Қазақмыс» корпорациясының қаражаты есебінен бір Ұлы Отан соғысының ардагеріне 300 000 мың, тыл ардагерінің әрқайсысына 50 000, ҰОС ардагерінің жесіріне 100 000 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді. От жағатын тұрғын үйлердегі ардагерлер ағаш, көмірден көмек сұраған болатын. Оларға зейнеткерлікке шыққан мекемесіне хат дайындап, көмек көрсетіледі. «Еңбек ардагері» медаліне 45, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Құрметті еңбек ардагері» төсбелгісін ие болған зейнеткерлер 30 айлық есептік көрсеткіші негізінде бірреттік сыйақы корпорация есебінен төленеді.
Биылғы жылдың өзінде Жезқазған филиалы бойынша «НеоМед» профилакториінде 10 пайыздық жеңілдікпен 247 зейнеткер дем алса, «Медициналық орталықта» 153 659 теңгеден 76 зейнеткер ем қабылдады. Қайтыс болған зейнеткерлердің отбасына материалдық көмекке қаулы шығарылып, корпорация арқылы ақшалай қаражаттарын алды.
Жыл сайын «АMANAT» партиясы арқылы «Сарыарқа», «Жезказганский вестник», «Мысты өңір», «Подробности» газеттеріне 23 зейнеткер тегін газетке жазылады. Корпорация арқылы «Мысты өңір» басылымына – 145, «Подробности» газетіне – 75, «КәсіпҚорған» кәсіподағы бөлген қаражат арқылы «Мысты өңір» газетіне – 35, «Подробности» газетіне 15 зейнеткер тегін жазылды. Мұның өзі ардагерлерімізге көрсетіліп жатқан материалдық көмектің түрлеріне жатады.
Ардагерлеріміз жастарға тәрбие беру ісіне кеңінен араласады. Жезқазған білім беру мекемесімен байланыса отырып, 2024 – 2025 оқу жылына арналған белгіленген жоспардың негізінде Жезқазған қаласы және маңында орналасқан мектептерде ай сайын еңбек ардагерлері, мысалы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған Берік Барысбековтің кітап-альбомы «Қаныш Сәтбаев: «Күш-қабілетім – халқыма», жазушы Батырбек Мырзабековтың «Мәңгілік ғұмыр» романы, ҚР ҒА академигі, профессор Сұлтанбек Қожахметовтың «Академик К. И. Сатпаев и большая медь Казахстана» кітабі, Берік Барысбековтің «Каныш Сатпаев…» және «Три соратника» деректі фильмдерінің таныстырылымы Жезқазған және Сәтбаев қаласындағы мәдениет үйлерінде, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында «Үш ұрпақты жалғаған ұстаздар» тақырыбында тәрбие сағаттарына қатысып, кездесулер өткізіп отырды.
Мектеп оқушыларымен кездесуден басқа Жезқазған қаласы көлемінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасымен, Қаныш Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайы, М. Төрегельдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі қызметкерлерімен бірлесіп Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің
80 жылдығында «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою, Халықтар достығы және мәдениет үйінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Ұлы Жеңіске 45 күн қалды» патриоттық сағаты шеңберінде «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» жиын-кездесу өткізілді.
Жезқазған филиалы корпорация-сының ардагерлері арасында Жауынгер жазушы, Ұлы Отан соғысында қаhармандықпен қаза тапқан Баубек Бұлқышевтың құрметіне «Белка» ойынын, Кеңес Одағының батыры Николай Колбасовты еске алуға арнап «Дартс» ойынын, Кеңес Одағының батыры Анатолий Живовтың құрметіне шахмат ойынынан турнир өткізді. Металлургтер күні қарсаңында Құрметті металург, Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері болған Мұзапар Жүсіповке арналған садақ атудан жарыс Қарсақбай кентінде, Жезқазған мыс қорыту заводының директоры болған, Құрметті металлург, Құрмет белгісі және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері, Мемлекттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Әбдірахмановтың құрметіне дойбы ойынынан жарыс өткізілді.
Облыс көлеміндегі тарихи орындарға саяхат жасалып отырады. Ардагерлердің сұраныстарына орай, Ұлытау ауданының қасиетті жерлері – Алтын шоқы, Хан ордасы, Едіге батырға, «Бұланты» шайқасы деген атпен қалған Байқоңыр елдімекенінен 20 шақырымда орналасқан тарихи орынға, Қойлыбай әуле зиратына барып қайтты. Серке Қожамқұлов атындағы театрда өткізілетін қойылымдарға ардагерлерімізге тегін билеттер алып беріледі.
Жоғарыда аталған игі істердің өтуіне қайрымдылық көмек көрсетіп отыратын «Қазақмыс» корпорациясы» басшыларына, «КәсіпҚорған» кәсіподағына, «AMANAT» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалына, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар ұйымына ардагерлеріміздің атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.
Ардақты ардагерлерімізді ұлықтау мен құрметтеу тұрғысындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Алтын Шайменова,
Жезқазған филиалының жетекшісі.

