Сейсенбі, 16 Желтоқсан , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Көкейкесті

Атақ алғыңыз келе ме…

27.01.2023
- Көкейкесті
0
Атақ алғыңыз келе ме…

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

199
БӨЛІСТІ
552
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақ мақтанға, атаққа құмар десе ренжиміз. Ал, байқап қарасақ қазір ел арасында атаққұмарлықтың алуан түрі пайда болды. Қазақтың осы қылығын ұтымды пайдалана білген ептілерсіз бен бізге небір мәртебелі атақты алып берудің жолын тауып отыр. Академик, немесе құрметті профессор болғыңыз келеме, үздік мамандық иесі, еңбек сіңірген қайраткер дейсіз бе, толып жатыр. Енді осылардың қатарын «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» деген атақ толықтыра бастапты.

Ауылда ұзақ жыл зоотехник болып қызмет істеп, қазір еңбегінің зейнетін көріп отырған таныс ақсақалмен дастарқан басында кездесіп, шүйіркелесіп қалған едік. Әңгіме арасында Республика күні қарсаңында «Қазақстанның құрметті азаматы» атағын алғанын айтып қалды. Қуанышына ортақтасып, құтты болсын айттым. Сәл ойланып: «сіз ауданның құрметті азаматы атағын алмай бірден республикалықты бір-ақ алғаныңыз қызық екен» дедім. Әуелде желпініңкіреп отырған жекжатым «лайықты деп берген соң алдық қой, алпыс мың ақшасын төледік» деп бір тоқтады да, әңгіме ауаны басқа арнаға қарай бұрылып кетті. Жақында телефон шалғантағы бір танысыммен сөйлесіп отырып осындай құрметті атаққа ие болғанын естіп, құттықтауға тура келді. Сөйтсек, тек бұл ғана емес, Қазақстанның құрметтісі болғандардың қатары біздің өңіріміздің өзінде бір қыдыр уекен. Осыдан соң бұл атаққа ұсынудың жолы қалай, кімдер ұсынады деген ой туып, мәселенің мәнісін зерделеп көрген едік.

Құрметті атаққа ие болғандардың бірі төсбелгісі мен куәлігін «AMANAT» партиясының филиалында тапсырғанын айтып еді. Соған орай, партияның Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Балмағанбетовке жолығып, марапатқа қатысты мән-жайды сұрастырдық. «Бұған біздің еш қатысымыз жоқ, қай ұйымның ұсынып жатқанын да білмейміз» дейді ол. Одан әрі қалалық мәслихаттан да сұрастырып көріп, осындай жауап алдық. Сонымен түптеп келгенде бұл мәселенің кілтипаны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зертеу орталығына келіп тірелді. Еліміздегі аса мәртебелі атақ осы орталық арқылы беріліп жатыр екен. «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚР Құрметті азаматы» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырған ақпараттарында мұның мәнісін былайша түсіндіріпті: «Іс-шараның мақсаты – Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгіе ту. Байқау шарты бойынша қатысушы өзі жайлы 2 беттен аспайтын (14 кегль) өмірбаянын, сондай-ақ өмірбаяндағы жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін жібереді» – депті. Байқап отырған боларсыздар, атақ алу үшін байқауға мен өзімді өзім ұсынамын. Міне, ерінбей өмірбаянын түзіп, аннан-мыннан алған марапаттарынт ізіп, 50 мың теңге мұғдарындағы тиісті жарнасын төлеген үлкеннің де, кішінің де «Қазақстанның құрметтісі» атанып, айды аспанға шығарып жатқанының сыры осында екен.

Үздік ғылыми жобаларды зерделеумен және дарынды балалардың олимпиадаларын ұйымдастырумен айналысып, білім мен өнерді насихаттайтын қоғамдық орталықтың бұл атақты тағайындап, үлестіру құқығына қалай ие болып алғанын нақты білмедік. Ал, былайша айтарболсақ, «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атағы Парламент деңгейінде ме, басқа ма, әйтеуір жоғары ресми органдардың шешімімен берілуге тиіс аса үлкен дәреже емес пе?! Әртүрлі қоғамдық ұйымдар қалауынша небір атынан ат үркетін атақты куәландырып мөрін басып, төсбелгісін тағып, қолыңызға қондырып бере берсе мұндай марапатта не қадыр-қасиет қалады?! Бұл әлде ебін тауып ақша табудың жолы ма?

«Іздегенге – сұраған» демекші, мұның өзі мақтанқұмар, атаққұмар адамдарға кеңінен жол ашып отыр. Өзін-өзі мақтап, болмағанды бойына таңып отыратындарды заманында Абай да қатты түйреп сынағанын білеміз. Содан бері өзгергеніміз де шамалы-ау. Тіпті тұлдыры жоғының өзінде «баяғыда маған да мал бітіп еді» деп мақтанатын қазақтың осынау бір даңғойлығы мен атаққұмарлығы әлі де біздің бойымыздан қалмай келеді. Енді оған елге өркениет дәнін сіңіруге тиіс қоғамдық ұйымдар жел беріп отырған соң не айтасыз. Айтпақшы, тағы да бір байқау жарияланып жатыр. «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы енді еліміздің дамуына үлес қосқан өз мамандықтарының хас шеберлерін
«ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» атағын беру үшін республикалық байқауға қатысуға шақыруда. Ал, ағайын, атақ алғыларыңыз келе ме? Алып қалыңыздар. Мархабат!

Амандық РАХҰЛЫ.

 

Бөлісу80Твитерге50
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

15.12.2023
«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

16.02.2024
Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

13.12.2025
Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

12.12.2025
«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

12.12.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру