Жексенбі, 11 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Атамызды мақтан тұтамыз

25.04.2025
- Жаңалықтар
0
Атамызды мақтан тұтамыз

Оразбек ҚОЖАХМЕТОВ

71
БӨЛІСТІ
198
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Әкеміз Оразбек Қожахметов 1923 жылы «Жігерлі» совхозында (Сарыкеңгір ауылы) дүниеге келген. Ол отбасындағы алтыншы бала, үлкен апалары бойжетіп, тұрмыс құратын жаста еді. Төрт жасында әкесіз қалды, 1912 жылы туған ағасы Оразай анасына, кіші інісі мен қарындасын тәрбиелеуге көмектесті.

Отбасы аман қалу үшін көп көшіп, қонуға мәжбүр болды. Кішкентай Оразбек анасы Қалжанды әже деп атаған, өйткені өмірдің қиыншылықтары анасының бейнесіне із қалдырған, жасынан үлкен болып көрінетін. Түйеге мініп тамақ іздеп, астық алу үшін Атбасарға дейін барды. 1932 жылы Голодомордан қашып, отбасы Жезқазған геологиялық барлау партиясы орналасқан Тасқұдық ауылына қоныстанды. Ағасы партияға бұрғылаушы болып жұмысқа орналасып, Оразбек мектепке барды.

1940 жылы жетіжылдық мектепті бітіріп, 1940 жылы 1 маусымда 31–32 шахтасында хронометражшы болып еңбек жолын бастады, сол жерден 1942 жылы 16 маусымда Қарсақбай комиссариатынан Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1942 жылы 17 шілдеде Кеңгір (Жезқазған) ауылында әскери дайындықтан өткеннен кейін ант қабылдап, Калинин майданындағы 234-атқыштар дивизиясының 908-артиллерия полкінің 7-батареясы құрамында, ал кейіннен Белоруссия және Балтиялық майдандарында байланысшы (связист) ретінде майданға кетіп қалды. Смоленск, Минск, басқа елдімекендерді азат етуге қатысқан. Жеңісті Кенигсберг (Калининград) қаласында қарсы алды.

1943 жылы 5 желтоқсанда Беликово ауылы үшін болған шайқаста көрсеткен ерлігі үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталып, онда миномет және пулемет оғы астындағы телефон желісіндегі 12 бүліншілікті жөндеп, сол арқылы жауынгерлік тапсырманың орындалуын қамтамасыз етті. Бұл ерлігі орден, медальға лайықты еді.

Сондай-ақ оқыңыз

Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

09.05.2025
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025

1944 жылы 19 қаңтарда «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Ол 1944 жылы 10 қаңтарда Соловьево елдімекенінде болған шайқаста көрсеткен ерлігі үшін, атыс позицияларын батарея командирінің командалық пунктімен байланыс желісін сақтағаны, жауынгерлік тапсырманың орындалуын қамтамасыз еткені үшін марапатталды.

1945 жылғы 21 мамырда Тиренберг және Гаутен үшін ұрыста көрсеткен ерлігі үшін III дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Ол шайқас 1945 жылы 14 және 15 сәуірде болған, жаяу әскерлердің шабуылдаушы тәртіптерінде тұрып, қарсылас оғының астында алдыңғы жиекке жылжып, олардың 250 метр қашықтықта орналасқан 4 атыс нүктесін анықтады, соның арқасында олар біздің батареяларымызбен жойылды. Жаяу әскер қатарында болған кезде қарсы шабуыл кезінде қарсыластың 8 сарбазын жойып, үшеуін тұтқынға алды.

1946 жылы 12 қарашада «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

1946 жылы 16 қаңтарда Қызыл армия қатарынан демобилизацияланып, үйіне Рудник кентіне оралып, 1946 жылы 4 наурызда тау-кен басқармасының аға бухгалтері болып жұмыс істей бастады. Осы кезден бастап Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты жүйесінде әртүрлі жауапты және басқарушылық қызметтер атқарды, сол жерден 1986 жылы зейнетке шықты.

Жоғарыда жазғандарымыз – әкеміздің жауынгерлік жолдағы құжаттарынан алынған нақты деректер. Ал ауылда соғыстан аман-есен қайтып келсін деп күтіп қалған анасы соғыс уақытында туған немерелерінің атын ырымдап Құттыбала мен Тәттібала деп қойған, көшеде жүрген балаларға қант беріп «Оразбек соғыстан аман келсін» деп айтыңдар дейтін. Соғыстан аман келді деп маусымда туған немересінің атын Аман деп қойды. Қайтып келгеннен кейін көп ұзамай соғысқа дейін көңілі қалаған Қаниса Төлен қызына үйленеді. Екеуі 54 жыл отасып, төрт бала тәрбиеледі. Қызы Ақмарал жане ұлы Бауржан артында қалды, 8 немере сүйді, әттең шөберенің қолынан су іше алмай кетті.

Соғыс туралы әкеміз көп айтпайтын еді, тек 9 мамыр күні бүкіл орден-медальдарын тағып, шеруге қатысатын. Ол мереке әкеміз үшін ең жоғары мереке еді, екінші туған күнім дейтін. Үйде дастарқан жайып, туыстарымыз бен достарын күтетін. Парадтан кейін көңілі көтеріңкі болып, жауынгер құрдастарын ертіп келетін. Олардың ішінде өте жақсы көретін, ойынын көтеретін әрі құрдас, әрі жиен Бірман Сүлейменов, жолдастары Жақсымбек Үншібаев, Әбсамат Тәжбенов болатын. Дастарқан басында әзілдесіп, бәрімізге батасын беріп, үкімет, комбинат берген сыйлықақысын таратып жататын. Мен кеткеннен кейін осы мерекені тойлаңдар деп тапсыратын. Әлі күнге дейін сол мерекені тойлап, әкелерімізді еске аламыз. Ата-әжесінің тәрбиесін көрген балалар да еске алып жатады, шөбереге де үлкен атасының ерлігі туралы айтып отырамыз. Соғыс отын көрген аталарымыздың ерлігін ұмытпаймыз.

Баян Әлжанова,
келіні,
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбек ардагері.

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

09.05.2025
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру