Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Астанадағы алқалы жиын: төраға 4 мәселені алға тартты

07.06.2024
- Кәсіподақ тынысы
0
Астанадағы алқалы жиын:  төраға 4 мәселені алға тартты
82
БӨЛІСТІ
229
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Елордада XII Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қазақстандық халықаралық конференция өтті. KIOSH-2024 конференциясы – еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы соңғы жетістіктерді көрсету, тәжірибе және білім алмасу, кездесулер мен талқылаулар үшін Қазақстанда құрылған жалғыз мамандандырылған алаң болып табылады.

Аталған конференцияға тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлері «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Уәлихан Нұржанов қатысып, өндіріс саласындағы өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады. Қазақстан, Беларусь, Ұлыбритания, Испания, Өзбекстан және Ресей сынды мемлекеттерден делегаттар басқосқан жиында Уәлихан Қуанышбекұлы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу, жұмысшыларды емдік және профилактикалық тағам түрлерімен қамтамасыз ету, қоғамдық бақылауды жүзеге асырудағы кәсіподақтардың өкілеттіктерін кеңейту жөнінде, жұмыс берушілердің жергілікті жұмысшылармен актілер жасау кезінде кәсіподақтың пікірін есепке алу жайын сөз етті.

Бірінші бағыт бойынша төраға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 520 қаулысымен бекітілген «Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасын жүзеге асыру» қағидаларының 15-тармағына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің өз қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын еңбек жағдайларында зиянды жұмыстармен айналысатын өндірістер мен кәсіптердің белгілі бір тізбесі бар екенін айтты. Сондай-ақ, жұмыс орындарын аттестациялау нәтижелері бойынша көптеген кәсіптер зиянды деп танылды және олардан да міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары өндірілуі тиіс. Бірақ, бекітілген тізбеде бұл өндірістер мен кәсіптер жоқ.

– Көптеген жұмыс берушілер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 170 бұйрығына сілтеме жасай отырып, тізбеде зиянды жұмыстармен айналысатын еңбеккерлер кәсіптерінің тізімдері болмауынан өз қаражаттары есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына төлем төлемейді. Бұл мәселені шешу үшін біз тиісті министрлікке бірнеше рет осы мамандықтарды Тізбеге енгізу туралы өтініш жолдадық, – деді төраға өз сөзінде.

Сондай-ақ оқыңыз

Саясатсыз сапалы қызмет

Саясатсыз сапалы қызмет

08.03.2025
Әлеуметтік қорғау – басты орында

Әлеуметтік қорғау – басты орында

28.02.2025

Уәлихан Қуанышбекұлының көтерген екінші мәселе бойынша емдік және профилактикалық тамақ беруді одан әрі жетілдіру мақсатында еңбеккерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін беру қағидалары сөз болды.

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1054 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес жұмыс берушінің есебінен диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға, арнайы киімге және басқа да жеке қорғану құралдарына, оларды ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етуге арналған мамандандырылған өнімдермен қамту көзделген. Сүт пен емдік және профилактикалық тамақ түрлері уақыты өткен немесе бірнеше ауысым бұрын берілген болса, сондай-ақ уақытында алынбаған сүт пен емдік және профилактикалық тамақ үшін өтемақы төлеу, ыстық таңғы ас түріндегі тағамдар түнгі ауысымның жұмысшыларынан басқаға қарастырылмайды, – деді У. Нұржанов.

Төрағаның алқалы жиында баса мән беріп, тоқталған үшінші мәселесі – қоғамдық бақылауды жүзеге асырудағы кәсіподақтардың өкілеттіктерін кеңейту жөнінде болды.

– ҚР Еңбек кодексінің 155-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы еңбек заңдылықтарын сақтауды қадағалауды жүзеге асыру құқығы республикалық және еңбеккерлердің салалық бірлестіктеріне ғана берілген. Онда да келісім-шарттар мен ұжымдық шарттарда бұл көзделген болса. Ал егер, мұндай шарт пен міндеттеме болмаса, не болмақ? Онда жоғарыда аталған норма тек әшейін декларация, құр сөз болып қалмақ! Мұның үстіне қоғамдық бақылау бойынша өкілеттілік өз кәсіптік одағына берілмеген.

«Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңының 20-бабында белгіленген кәсіподақ мүшелері құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібін жеткіліксіз деп санаймыз. Өйткені, ондағы қоғамдық бақылау кәсіподақтардың өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға, тұрақты негізде және өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссия құрамында болуымен ғана шектеледі. Егер тиісті келісімдер мен ұжымдық шарттарда қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі болмаса, онда қоғамдық бақылауды іс жүзінде жүзеге асыра алмаймыз. Осыған байланысты ҚР Еңбек кодексінде әлеуметтік әріптестік туралы келісімдерде және ұжымдық шарттарда қызметкерлер өкілдерінің қоғамдық бақылауды жүзеге асыруының шарттары мен тәртібін белгілеу жөніндегі императивтік талапты белгілеу қажет, – деді Уәлихан Қуанышбекұлы.

KIOSH-2024 конференциясы Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті нығайтуға қатысты ой-пікірлердің тоғысып, мәселелерді реттеу бойынша жан-жақты шешім шығаратын жиын екені айқын. Бүгінде ауыр өнеркәсіп саласындағы жұмысшылардың қорғаны болып тұрған «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Уәлихан Нұржановтың көтерген мәселелері алдағы уақытта оң шешімін тауып, қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.

Конференцияға қатысушылар өзекті тақырыптарды талқылаудан бөлек, көрме тамашалап, өндірістік жетістіктердің куәсі болғанын айта кеткен жөн.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру