Сейсенбі, 3 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Асатов әлемі

27.09.2024
- Шарайна
0
Асатов әлемі

oplus_34

87
БӨЛІСТІ
241
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ағайынды Асатовтар аймақ жұртшылығына жақсы таныс. «Садық» десе көз алдыңа сағым ойнаған сары белде бой көтерген қуатты Жәйрем кен-байыту комбинаты келеді. Інісі де ірі. Ол – ҚР еңбегі сіңген энергетик, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, «Қазақмыс» корпорациясының «Құрметті еңбек ардагері», ақын Яхия.

Ол өңір энергетикасының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Әсіресе, кеніштердің кемелденуіне елеулі еңбек сіңірді. Оған ғұмырының 62 жылын арнады. Сырқатқа шалдығып, төсек тартып жатып қалғанша электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсету басқармасында қызмет істеді.

Шынболат шайыр «Қарасаң көз тояды тұлғасына» деп өлеңмен өрнектеген Яхия ағаның кісілігі емес, қашанда кішілігі көрініп тұратын. Адамның ең асыл қасиеті адал еңбек пен өрелі ой деп ұққан оның кеудесі сыр сандық еді. Дария көңіл, дархан жүректі ол елдік пен ерлікті, бірлік пен берекені, еңбек пен елжандылықты өмірлік темірқазық етіп ұстанды.

Оның артында қалған өміршең өлеңдерін өңдеп, басын қосып «Дариға-дәурен» атты жыр жинағын құрастырған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мұса Тілеуов аға аманатына адалдығын танытты. Асатов әлемін әйгілейтін жыр жауһарының жарыққа шығуына Сәтбаев қаласының әкімдігі демеушілік етті.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық дебат турнирі

Облыстық дебат турнирі

14.03.2025
Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

14.03.2025

Өткен сенбіде Абай атындағы № 4 мектеп-лицейінің мәжіліс залында жинақтың тұсаукесері болды. Тұсаукесер рәсімін жиналған жұртшылықты жыр жинағының шығуымен құттықтаған қала әкімі Мұрат Бөрібаев, «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Бүкіров және Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Мұса Тілеуов жасады.

Тұсаукесерде сыйлас-сырлас болған замандастары мен інілері естелік айтты, мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін оқыды. «Нұр шашу» ансамблі биден шашу шашып, Ербол Әлғожин мен Қайрат Әбеуов асқақтатып ән шырқады.

«Керемет» мейрамханасында марқұм Яхия Асатовтың жылдық асы беріліп, рухына құран бағышталды.

Әлібек ӘБДІРАШ.
Суреттерді түсірген автор.

Бөлісу35Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру