Жезқазған мыс қорыту зауыты еңбеккерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, қауіпсіздікті күшейту сынды мәселелер өндіріс ошағындағы «КәсіпҚорған» кәсіподақ комитетінің назарынан тыс қалған емес.
Зауыт жұмысшыларының өнімді еңбек жасауына бірден-бір себеп дұрыс тамақтану екендігі анық. Осыны басшылыққа алған кәсіподақ комитетінің төрағасы Ардақ Ақылбекова «ULY DALA» ЖШС-не қарасты асханалардың жағдайымен, ас мәзірімен танысып, жұмысшалырмен тілдесті. Ардақ Мұқажанқызы асханалардың санитарлық талаптарға сай жұмыс жасауына, түскі, кешкі уақыттарда жұмысшылардың кезек күтіп қалмауына жағдай жасалуына баса көңіл бөліну керектігін алға тарта отырып, асханалардың жұмысы үнемі назарда екендігін жеткізді.
– «Ас – адамның арқауы» деп тегін айтпаған ғой халқымыз. Жұмысшыларымыздың өнімді, табысты еңбек етуіне асхана қызметінің атқарар рөлі маңызды. Сондықтан біздер – кәсіподақ ұйымы бұл тарапта асхана меңгерушілерімен тығыз жұмыс жасаймыз, – дейді төраға.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.