Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Арулардан сан өнер жатты өрбіп…

03.03.2023
- Кәсіподақ тынысы
0
Арулардан сан өнер жатты өрбіп…
70
БӨЛІСТІ
195
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Әлемді әйелдермен құлпыртып, түрлендірген Жаратқанның құдіреті шексіз ғой. Сол нәзік жаннан тараған жылылық пен мейірім, махаббат дүниені сәндендіріп тұрғандай. Өмірдің мәні, тіршіліктің сәні – әйел. Ол – тіршіліктің тамыры, шаңырақтың ұйытқысы. Сондықтан әйел затының қоғамдағы, адамзат өміріндегі орны мен рөлі ерек. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналарға құрмет көрсету – күллі адамзаттың парызы. Қазақ халқы да қашаннан қыздарын қадір тұтып, төрінен орын ұсынған. 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында нәзік жандарға деген құрмет арта түседі.

Сондай игі де дәстүрге сай ілтипатты еңбек ұжымдары арасында аңдауға болады. «ҚазақмысМэйнтенансСервисиз» ЖШС қарасты тау-кен, шахта жабдықтары зауытындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті халықаралық мереке қарсаңында өндіріс ошағында еңбек ететін қыз-келіншектер арасында байқау ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Жыл сайын бұл байқау түрлі ауқымда өтіп келеді. Биылғыжылғынәзікжандар байқауында қатысушылар топқа бірігіп, өзара бақ сынады.

«КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Мәриямкүл Тәкішеваның айтуынша, зауыт ұжымынан байқауға қатысуға ниет білдіргендердің қатары көп болыпты. Байқауда төрт кезең бойынша бес топ жан-жақтылығымен көзге түсуге тырысты. Бірінші кезеңде қатысушылар техника қауіпсіздігі саясатын арқау етіп, өздерін қойылымдар арқылы көпшілікке таныстырды. Қатысушы топтардың таныстырулары бір-бірінен ерекше болды.  Екінші кезеңде аспаздық шеберліктерімен таңқалдырған арулар жанкүйер болып келген көпшілікке тәтті тағамдар мен салаттардың түр-түрін жасаудың жолдарын көрсетті. Үшінші бөлімде қатысушы топтар адамды сәндеп, киіндірудегі шеберліктерін паш етті. Арнайы берілген қуыршақты сәндеу, киіндіруде де әр топ өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсе білді. Ал, төртінші бөлімде әрбір топ мүшесі өз өнерін паш етті. Бірі ән шырқаса, бірі өлең оқыды. Енді бірі гимнастикадан шеберліктерін ортаға салды. Сиқырды меңгергендер де өнерлерімен жиналғандарды тәнті етті.

– Көктемнің алғашқы мерекесін атап өту қарсаңында бізде қыз-келіншектер арасында байқау ұйымдастыру дәстүрге айналған. Тіпті, зауыттың арулары мереке жақындағанда хабарландыру айтылмаса, «байқау өтпей ме?» деп сұрап тұратындай дәрежеге жетті. Байқау жыл сайын өтетіндіктен оның мазмұны мен мәнін біз өзгертіп отырамыз. Сондықтан байқауға деген қызығушылық басым. Әр кезеңнің өз талаптары болды. Соны қатысушы топтағы нәзік жандар ескеріп отырды. Қазылар алқасы топтардың әр бөлімдегі жаңаша идеяларына, жасаған дүниелерінің шынайылығы мен киім кию ерекшеліктеріне аса мәнбереді. Бұл байқаудың негізгі мақсаты – өндіріс ошағында еңбек етіп жүрген аруларымыздың рухани әлеуетін арттыру, шығармашылығын шыңдау.

Сондай-ақ оқыңыз

Саясатсыз сапалы қызмет

Саясатсыз сапалы қызмет

08.03.2025
Әлеуметтік қорғау – басты орында

Әлеуметтік қорғау – басты орында

28.02.2025

Біз бұл байқауды ұйымдастыру арқылы ұжымдағы аруларымызды еңбекке ынталандырып, шабыттарын оятуға сепші болдық деп ойлаймын. Қыз-келіншектердің осындай байқауын ұйымдастыруға қолұшын созып, қолдаған зауыт басшылығына, қатысушыларға алғысымыз шексіз, – дейді кәсіподақ комитетінің төрағасы Мәриямкүл Тәкішева.

Зауыттың ер азаматтарынан құралған қазылар алқасының сынынан өту нәзік жандарға оңай болғанж оқ. Әрбір кезеңнің мән-маңызына ерекше көңіл қойған қазылар алқасы ең үздіктерін таңдады. «КМС-тің гауһары» тобы бірінші орынды жеңіп алса, «Қызғалдақтар» тобы екінші орынды еншіледі.  «Заводилы» тобы үшінші орынды қанағат тұтты. «Көктем» тобы арнайы сыйлықпен марапатталса, «Подземный экстрим» тобына техника қауіпсіздігін үздік насихаттағаны үшін «Қауіпсіздік – күлкі сыйлайды» аталымымен марапатталды.

Байқауда бақ сынаған топтар «КәсіпҚорған» кәсіподағы атынан ақшалай және бағалы сыйлыққа ие болды. Көктемнің шуағын ала келетінмерекеде тау-кен, шахта жабдықтары зауытының арулары өз мерекелерінде көңілдері жайнап, мерейленіп қалды. Ал, оларға осындай қуаныш сыйлаған «КәсіпҚорған» кәсіподағына мың алғыс.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру