Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Топжарған

«Арқаның алқасы»

11.03.2024
- Топжарған
0
Келісті қос кеніш
95
БӨЛІСТІ
264
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кеншілер осылай әспеттейтін «Анненск» шахтасының сыртқы кескін-келбеті туралы талай жазылды. Ал, оның кен өндірісі үдерісіндегі өзіндік ерекшелігі жөнінде екінің бірі біле бермесі анық.  Тоқсаныншы жылдың соңына қарай тұсауы кесілген шахтаның шыңырауына түсіп, технологиясымен танысқан талай қонақ тамсанып, таңдай қаққан.

«Анненск» – аймақтағы терең шахта. Шыңырау түбі – шамамен жеті жүз метр. Кен қатпары – күрделі. Әдетте, Жезқазған аймағында көлбей құлаған кен қабаты онша ойыс емес, ал «Анненск» – айрықша. Оған қалыптасқан технологияны қолдану қолайсыз. Сондықтан, кен қатпарының орналасуына орай оны өндірудің арнайы жүйесі жасалған.

Онда небір танымал шетелдік фирманың жетілдірілген техникасы қолданылады. «Параматик» бұрғы бойлатады. Қуатты «Катер» кен тиесе, төзімді «ТОРО» тасымалдайды. Проходкаға алымды «Аксера» мен қарымды «Миниматик» қойылған. Забой төбесін «Робольт» бекітеді.

Сыртқы сипаты соны кәсіпорынның тағы бір ерекшелігі – шахта құрылысының тарихында тұңғыш рет оқпанды ұңғылау мен коперды монтаждау қатар жүргізілді. Ал, скиптің жұмысы таразы тәріздес қозғалысқа негізделген: бір басына кен тиелсе, келесі басында түсіріліп жатады. Скип оқпанының өнімділік қуаты сағатына 750 тонна кен көтеруге жетеді.

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024

Әкімшілік-тұрмыстық корпусының жобасын мәскеулік архитекторлар жасаған екен. Сәулеттік сипаты осы өңірдегі көз үйренген шахтаға таза ұқсамайды. Тіпті, талай елдің топырағына табаны тигендер: «мұндай жобаны кездестірмедік» дегенді айтады. Рас шығар?! Әйтпесе бұл жоба Францияда әлемдік байқауда екінші орынды иеленіп, Канадада алтын медаль ала ма?

Бүгінде «Анненск» шахтасының ұжымы шаруаның шырайын шығарып, екпінді вахтаның әр сәтін толағай табысқа айналдыруда. Бұл – ұйымшылдығы жарасқан ұжымдағы әр кеншінің моншақтата төккен маңдай тері мен бірегей біліктілігінің өтеуі.

Жезқазған қала мәртебесін алғанда Рудник кенті бір уығы болып қадалғанын кеншілер ешқашан ұмытпайды. Ортақ мерекеде мерейіміз үстем болсын!

Сұңғат СҮЛЕЙМЕНОВ,
Шығыс Жезқазған кенішінің забойшысы.

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру