Сіздердің назарларыңызға «Мысты өңір» газетінің өздеріңізге арналған қосымшасын ұсынып отырмыз. Бұл қосымшаның әр санынан сіздер Қазақстан тарихы, қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері, өздеріңнің құқықтарың жайлы жазылған мақалаларды, сонымен қатар бос уақыттарыңды қызықты да пайдалы өткізу, ой-өрістеріңді кеңейту үшін берілген сөзжұмбақтар, ребустар, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқи аласыңдар.
Қосымшаның қызықты әрі мазмұнды болып шығуы үшін өздеріңіз де атсалысып, мақала, өлеңдер, өздеріңіз салған суреттер мен қол еңбектеріңізді тұрақты түрде жіберіп тұрыңыздар. Біз сіздерден әрдайым хат күтеміз.
«Мысты өңір» газеті.