Қарағанды құю-машина жасау зауыты өңірдегі ғана емес, республикалық деңгейде сапалы өнім өндіруші кәсіпорынға айналды.
Жақында өндіріс нысанына Қостанай облысы Жетіқара қаласында орналасқан «МехЛитКом» зауыты мен Қазақстан Республикасының теміржол техникасы мен инфрақұрылымына қызмет көрсетудің көшбасшысы «Қамқор» тобы кәсіпорындарының басшылары барып, оның тыныс-тіршілігімен танысты.
Меймандарға LGM технологиясы бойынша қалыптау және құю үдерістері жайында толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.
Атап айту керек, Қарағанды құю-машина жасау зауыты мен Қазақстан Республикасының теміржол техникасы мен инфрақұры-лымына қызмет көрсетудің көшбасшысы «Қамқор» тобы кәсіпорыны жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында кәсіпорын тарапынан берілген жиырмадан астам атау түрлері (тапсырыс) желіде өндірістік сынақтардан сәтті өтті. Алда әлі жиырмадан аса теміржол өнімдері «KLMZ»-да сынақтан өтеді деп күтілуде.
Бағдат АЙТӨРЕ.