Жексенбі, 16 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Әріптесіміз – Ұлытау облысының Құрметті азаматы

02.11.2023
- Бәрекелді!
0
Әріптесіміз – Ұлытау облысының Құрметті азаматы
89
БӨЛІСТІ
246
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында өңіріміздің өркендеуі мен тұтас еліміздің дамуына өздерінің сүбелі үлестерін қосып жүрген бірқатар тұлғаларға Ұлытау облысының Құрметті азаматы атағы табыс етілді. Құрметті атақты иелеріне облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен облыстық мәслихаттың төрағасы Бауыржан Шыңғысов салтанатты түрде табыс етті.

Ұлытау облысының Құрметті азаматы атағын алғандардың қатарында әріптесіміз, өңіріміздегі бұқаралық ақпарат саласының ардагері, Қазақстанның құрметті журналисі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Батырбек Мырзабеков ағамыз да бар.

Ұлт ұясы атанған Ұлытау өңірінің тумасы Батырбек Тиыштықбайұлы еңбек жолын мәдениет саласынан бастаса да саналы ғұмырын өңіріміздің бұқаралық ақпарат саласын дамытуға арнаған жан. Журналистік еңбек жолын Ұлытау аудандық «Ұлытау өңірі» газетінде әдеби қызметкер болып бастап, осы газеттің жауапты хатшысы лауазымына дейін көтерілді. Сексенінші жылдардың басында Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетіне қызметке келіп, зейнет жасына шыққанға дейін облыс ақпаратының айдынында желкенін жайды.

Қаламгер аға зейнетке шыққаннан кейін де қол қусырып қарап отырған жоқ. Ұрпақ санасын серпілтетін бірнеше тарихи романдар мен поэмалар жазып, бастырды.

Ұлық мереке қарсаңында, сондай-ақ, қазақ өнерінің алыбы, ұлт мұрасына еңбегі сіңген дауылпаз дауыс иесі, Жаңаарқа ауданының тумасы Қайрат Байбосыновқа, ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, QazVac вакцинасын әзірлеуші, Ұлытау ауданы, Қарсақбай кентінің тумасы Күнсұлу Закарияға, С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының артисі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, ҚР Халық артисі Досжан Жанботаевқа, құрметті профессор, «Құрмет» орденінің иегері Қайсар Телешовке берілді.

– Ұлытау облысының құрметті азаматтарын бүгінгі марапаттарымен шын жүректен құттықтаймын! Облысымыздың дамуына ел көлемінде үлес қосып, аянбай еңбектеніп жүргендеріңізге алғыс білдіремін, – деді өз сөзінде Берік Әбдіғалиұлы.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу36Твитерге22

Көп қаралған

  • Сала ардагеріне құрмет

    Сала ардагеріне құрмет

    91 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23
  • Бір аптаға ұласқан дүбірлі той

    96 бөлісті
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Облысқа қолдау – қомақты

    85 бөлісті
    Бөлісу 34 Твитерге 21
  • Эльмираның бренд шапандары шетелдерге де танымал болды

    149 бөлісті
    Бөлісу 60 Твитерге 37
  • Рухты шыңдаған «Қайсар»

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру