Жексенбі, 18 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ардагерлер бастады, жастар қоштады

07.04.2023
- Жаңалықтар
0
Ардагерлер бастады, жастар қоштады
103
БӨЛІСТІ
285
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сәуірдің салқын желіне қарамай «Қазақмыс» корпорациясы Ардагерлер кеңесінің мүшелері 1 сәуір күні ұйымдасқан түрде сенбілікке шықты. Ардагерлер сенбілікке жастарды да шақырды.

Сәтбаев қалалық жастар ресурсы орталығының бас маманы А. Ібіраш бастаған бір топ қыз- жігіт пен 25 ардагер сенбіліктің көрігін қыздырды. «Жеңіс» саябағының іші тазартылып, қаламыздың құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Ж. Үншібаев атамыздың ескерткіші маңы сыпырылып жиналды. «Даңқ» алаңы, «Тағзым» алаңдары да қыс бойы жиналған күл-қоқыстан тазартылып ерекше сәнге ие болды.

Қалалық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» басшысы Н. Кенжеғұлов техника бөліп, сенбілік жасаушы азаматтарға көп көмегін тигізді. Техниканың арқасында жиналған қоқыс қалдықтары шашпай-төкпей сыртқа шығарылды.

Бұған дейін де әр жерлерде жастарды Отансүйгіштікке, адамгершілік, еңбекқорлыққа баулу тақырыбында кездесулер өткізіп жүрген ардагер кеншілер бұл жолы да сол үрдістен танған жоқ. Жастарға қаламыздың өсіп-өркендеуіне қосып жатқан үлестерін болашақта мақтанышпен еске алатындарын да айтып өтті. «Халық игілігі үшін атқарылған істердің ешқайсысы да ескерусіз қалмайтынын ескерсек, жастар сендер біздің болашағымыз әрі ізбасарымызсыңдар. Ертеңсендер де туған қаланың тазалығы үшін өздеріңді үлгі ете отырып, соңдарыңнан жас ұрпақты ертетін боласыңдар. Ұрпақ жалғастығы деген де, міне осы», – деді ардагер ағалар.

Сегізінші шақырылған қалалықм әслихаттың депутаты А. Молақов сенбілік жүріп жатқан аймақ өзінің депутатық құзырында екенін және бұл атқарылған жұмыстар халыққа берген уәдесінің бір көрінісі ғана деп тоқталды. Болашақта қаламыздың өсіп-өркендеуіне қосар үлесінің мол екенін жеткізді.

Сенбілік соңында депутат А. Молақов келген жастарға ардагерлер кеңесі атынан ризашылық білдіріп, Алғыс хат табыс етті.

Жәми Тұрсынбаев,
«Қазақмыс» корпорациясы Ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Бөлісу41Твитерге26
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
Табыс тасқындаған жыл

Табыс тасқындаған жыл

26.12.2025
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру