Сейсенбі, 17 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ақсақалдармен кездесті

17.06.2022
- Жаңалықтар
0
Ақсақалдармен кездесті
93
БӨЛІСТІ
258
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025

 Бүгін, 17 маусымда Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы аймағымыздың ақсақалдарымен кездесу өткізді. Облыс басшысының шақыруымен Ұлытау, Жаңаарқа аудандары мен Қаражал, Сәтбаев, Жезқазған қалаларының ақсақалдары облысымыздың қасиетті де көрікті жерінің бірі – Жошы хан тарихи-мәдени кешенінде кездесуге қатысты.

Еліміздегі береке мен бірліктің бастауы, ақылдың кені саналатын қарияларымыздың еңбек жолы жас буынға үлгі-өнеге, ақыл-кеңесі бағалы. Кездесу барысында аймақ басшысы ардагерлерімізді жаңа облысымыздың ашылуымен құттықтап, қазыналы қарттарымыздың қоғамда үлкен беделге ие екендігін атап өтті.
– Ұлытау облысының құрылуы көптеген жерлестерімнің қуанышымен ұласып жатыр, аймақтың күрделі мәселелері шешіліп, жағдай түзеледі деген халықтың үміті зор. Кеше ғана осы жерде Мемлекет басшысының қатысуымен республикалық деңгейде Ұлттық Құрылтай өткізілді. Облысымыздағы ең алғашқы іс-шара абыройлы өтті. Ат салысқан барша жерлестеріме алғысымды айтамын. Мен де ең алғашқы кездесуімді ақсақалдармен бастап, баталарыңызды алып, өңірдің болашағы туралы жоспарларымды өздеріңізбен бөліскім келеді, – деді өңір басшысы.
Б.Әбдіғалиұлы қариялардың тарапынан көтерілетін мәселелерді зерделеп, облыс дамуының стратегиялық жоспарын құру кезінде оны ескеретінін жеткізді. Ақсақалдар өз кезегінде елді-мекендердегі коммуналдық сұрақтарды, ауыз суы жетіспеушілігі, жолдардың нашарлығы, экология, денсаулық сақтау салаларындағы сұрақтарды көтерді, инвестиция тарту жайлы ой пікірлерін білдірді.
Кездесу соңында облысымыздың құрметті ардагерлері облыс әкімінің жаңа қызметіне табыс, алдағы үлкен істеріне сәттілік тілеп, батасын берді.

Бөлісу37Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру