«Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС еңбек ететін ақ желеңді абзал жандарға мерейлі жаста құрмет көрсетуді осындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті дәстүрге айналдырған.
Осы игі шараны жалғастырған кәсіподақ комитеті мен орталық басшылығы ақпан айында мерейлі жасқа толған медицина саласы мамандарын құрметтеді.
Орталық директоры Владимир Моторыкин, кәсіподақ комитетінің төрағасы Ләзат Көшекова мерейтой иелеріне құттықтауларын арнап, марапаттады. Балқаш жылу, электр орталығындағы медициналық бекеттің меңгерушісі Эльвира Сатиева, Сәтбаев қаласындағы емхананың фармацевт-дәріханашысы Галина Чиркина, Шығыс Жезқазған кенішіндегі медициналық бекеттің медбикесі Қуаныш Сағатова, жарақат бөлімнің медбикесі Қарлығаш Жаппасбаева мен орталықтың кіші қызметкері Сандуғаш Алдажұманова мерейлі жаста құрметке кенелді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.