Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

«Ақиқаттың айбалтасы»

10.11.2023
- Руханият
0
«Ақиқаттың айбалтасы»
80
БӨЛІСТІ
221
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Арқа журналистикасының жампозы, облыстық «Жезқазған туы» газеті құ-
рылған кезден бастап аймақ журналистикасының, соның ішінде «Мысты өңір» газетінде өңір мен өндірістің жылнамасын қалыптастыруда өлшеусіз қолтаңбасын қалдырған әріптесіміз Балтабек Әбеуовтің өмірден өткеніне бір жыл толуына орай жинақталып, жарық көрген кітап осылай деп аталады.

Мақалалар мен естеліктер, арнаулар мен толғаулар топтастырылған жаңа жинақ Астана қаласындағы «Кәусар» баспасынан жарық көрді. Жинақтың жауапты редакторы – осы кітапқа арқау болған кейіпкердің шәкірті, ізбасары Қуат Құрмансейіт.

«Ақиқаттың айбалтасы» атты бұл кітап төрт бөлімнен құралған. Әр бөлімінде журналистің көзі тірісінде түрлі басылымдарда жарық көрген, оның мәртебесін асқақтатқан әрқилы жазбалар, Балтекең жайлы әріптестерінің естеліктері мен толғаулары, кейіпкердің өмірден өтуіне орай әртүрлі басылымдарда жарық көрген қазанамалар мен көңілайтулар, журналистің ата-тегі, әулеті және жеке өмірі жайлы жазбалары топтастырылған.

Кітаптың алғысөзін Балтабек Әбеуовтың жан жары Орал Қасенбекова жазыпты.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

«Ақылман ата-бабаларымыз мынау жалған дүниені «Қамшының сабындай ғана келте ғұмыр» деп тап басып айтқанына тағы бір мәрте көзім жетіп отыр. Құдай қосқан қосағым, перзенттерімнің асқар таудай әкесі, немерелеріміздің ардақты атасы, тірлікте арқа сүйер тірек-таянышым болған Балтекеңмен бірге өткізген жарасымды да жақсы күндер демде зу етіп өте шыққан секілді…» деп тебірене бастаған Орал жұбайымен өткен бақытты да байсалды күндерін, қызықты сәттерге болы шырайлы кездерін еске ала отырып, «Дүниеден өткеніне бір жыл толуына байланысты жарыққа шығып отырған осы кітапты асқар тауымыздай болған абзал азаматқа қойған ескерткішіміз, шынайы құрметіміздің белгісі деп қабыл алыңыздар, ардақты ағайын!» деп түйіндепті.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру