Сәрсенбі, 16 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Апат себебін анықтауға 10 күн уақыт берілді

21.02.2025
- Жаңалықтар
0
Апат себебін анықтауға 10 күн уақыт берілді
74
БӨЛІСТІ
206
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сейсенбі күні мемлекеттік комиссияның екінші отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев «Жомарт» кенішінде болған апаттың себебін анықтауға 10 күн уақыт берді. Айта кету керек, мемлекеттік комиссия Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен құрылған.Қазір алдын ала болжам айту қиын, себебі бүгін кеніштің астына түсу мүмкін болмаған.

Алдымен, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ведомство өкілдерінің есебін тыңдап шықты. Онда, алдын ала болжам айтылмады. Тек, тиісті сараптамадан кейін ғана белгілі болатындығы айтылды. «Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев шахтада болған апат компанияның кінәсі екенін жасырмады. Сондай-ақ, жердің астындағы ауадан сынама алу үшін мамандарды түсіру қауіпті екенін жеткізді. Стратегиялық нысан қатаң бақылауда.

– Біздің тараптан да арнайы штаб құрылып, жұмысын бастады. Шыққан нәтижелерін арнайы органдарға жеткізіп отырамыз. Ең алдымен бұл қайғылы оқиға компанияның кінәсі екенін мойындаймыз. Техникалық қауіпсіздікке қаншама күш жұмсасақ та, осындай оқиға орын алып отыр. Отбасыларына көмек беріп жатырмыз, – деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев: «Апат себебі анықталғаннан кейін кенішті осы режимде жұмыс істеуге болатындығы немесе болмайтындығы туралы шешім қабылданады», – деді. – Себебі анықталғаннан кейін шара қабылдауымыз қажет. Газоанализатор бар екендігін айғақтайтын дабыл белгісін орнату немесе газды жою бойынша келісімшарттағы міндеттемелерге өзгеріс енгізу қажет деп ойлаймын. Ең бастысы жұмысшының қауіпсіздігі сақталуы қажет.

Сондай-ақ оқыңыз

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025

Үкіметтік комиссия төрағасы Қанат Бозымбаев қаза тапқан кеншілердің мәйітін туған жерлеріне жеткізуге және дәсүрге сай жерлеуге қолдау көрсетіп, жақындарына көмек беруді «Қазақмыс» компаниясы мен облыс әкімдігіне жүктеді. Жалпы, «Жомарт» кеніші Жезқазғаннан 200 шақырым жерде орналасқан. Онда 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Кеніште жұмыстың жалғасуы сараптама нәтижесінен кейін ғана белгілі болады.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру