Өз тәуелсіздігін алған 33 жылдың ішінде менің елім қиял-ғажайып ертегідей тез және адам таңғаларлықтай өзгерді. Қазақ елі жайлы сөз қозғағанда тарихы бай, ата салтқа берік, рухы биік елді көреміз. Бір ғана Бәйтеректі алайықшы. Иә, «Бәйтерек кешені» – таңғажайып дүние. Астананың символына айналған бұл кешеннің «Бәйтерек» атануы да тегіннен тегін емес. Көреген халқымыз әкені – бәйтерекке, ананы – бал бұлаққа, өскелең ұрпақты бәйтеректің бір бұтағына ұқсатқан.
Бүгін сол «Бәйтерегіміз» жаңа әлемдегі Қазақстанның символына айналып отыр. «Мен көрмесем де ұрпағым көрер» деген оймен болашақты медеу еткен тәубелі сабырмен Арқадағы Астананы әлем таныған қалалардың қатарына қосты ата-ағаларымыз.
Ендеше, алып бәйтеректің біз де бір бұтағымыз. Еліміздің дамуына, Елорданың көркеюіне өз үлесімізді қосамыз. Біз, жас ұрпақ, Қазақстанға қарап ой да, бой да түзейміз.
Акрам САЙРАН,
Е. Шаханов атындағы тірек мектебінің (ресурстық орталығы) 3 «Г» сынып оқушысы.
Жаңаарқа ауданы.