Жексенбі, 29 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Алтын орда – бізге тән орда

04.11.2022
- Руханият
0
Алтын орда – бізге тән орда
81
БӨЛІСТІ
224
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Жезқазғанда «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференцияның жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары, білім беру саласының қызметкерлері, сондай-ақ АҚШ, Түркия, Ресей, Украина, Финляндия, Қырғызстан секілді алыс-жақын шетелдердің және Қазақстанның ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай оны атап өтуменқатар,Ұлытаудыхалықаралықдеңгейдегі этнографиялық туризм орталығы ретінде насихаттап, Жошы ханның есімін ұлықтауды қолға алу қажеттігін айтқан еді. Содан бергі үш жылдың бедерінде айтарлықтай игі істер атқарылып келеді. Жошы Ұлысының саяси және әлеуметтік-экономикалық тарихын, оның қалдырған мол мұрасын зерттеп, насихаттауға кеңінен көңіл бөлінуде. Құнды жәдігерлермен жабдықталған және замануи технологиялық мүмкіндіктермен қамтылған «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені салынып, ашылды.

Алтын Орданың 750 жылдығы салтанатпен аталып өтіп, ғылыми конференциялар ұйымдастырылды. Жезқазғандағы бұл халықаралық іс-шара соның заңды жалғасы. Ғылыми конференцияны аша отырып, Мәдениет және спорт министрі Д. Абаев бұл іс-шараның Республика Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өткізіліп отырғанын атап өтті. Алтын Орда дәуірінің еліміздің тарихындағы ерекше маңызын айта келіп, ауқымды шараны ұйымдастыруға атсалысқан Ұлытау облысының әкімдігіне алғысын білдірді. Сөз кезегін алған облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы ғылыми конференцияға қатысушыларды құттықтап, Алтын Орданың негізі осы өңірде қаланғанын алға тартты.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

Оның тарихи-мәдени мұрасы Ұлытау аймағымен тығыз байланысты екенін атап айтты. «Алтын Орда тарихы мыңжылдыққа татитын мұра. Біздің Ұлы даламызда бой көтеріп, бастау алған Ұлық Ұлыстың тарихы арқылы біз ата-бабаларымыздың тарихын таразылаймыз. Сондықтан, бүгінгі конференция Алтын Орданың тағдырлы тарихынанжан-жақты мәлімет береді деген сенімдемін», – деді ол. Конференцияның пленарлық отырысында және тақырыптық секцияларында ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүшесі, профессор Меруерт Әбусейітова, Түркияның Анкара университетінің профессоры Гюндогду Абдуллах, АҚШ-тың Мэдисондағы Висконсин университетінің құрметті профессоры Юлай Шамильоглу, Финляндиядан келген тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Бороздин, Ресейдің Қорған мемлекеттік университеті Гуманитарлық институтының директоры Денис Маслюженко және басқа да ғалымдар ой-пікірлерін ортаға салды. Алтын Орданың тарихи-мәдени мұраларын, ескерткіштерін сақтау жөнінде нақты шаралар жасау қажеттігі ұсынылды. Қазақстанның халықаралық деңгейдегі имиджін қалыптастыруда Ұлытау өңірінде ішкі туризмді дамытудың маңызды орын алатындығына баса назар аударылды.

Конференцияда «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының және басқа да отандық мекемелердің қызметкерлері де өз баяндамаларын ұсынып, қазақ мемлекетінің бастауы болған Алтын Орда тарихы туралы әңгіме өрбітті. Қорыта айтқанда, Алтын Орда тарихы – біздің тарихымыз. Ұлы дала төсінде екі ғасырдан аса салтанат құрған Жошы Ұлысының тарихы аса тереңде. Әлі де кеңінен зерттей түсуді қажет етеді. Біз осындай халықаралық шаралар арқылы барша әлемге Алтын Орданың мұрагері екенімізді танытып, төл тарихымыздың жаңа беттерін толықтырудамыз.

Конференция аясында сондай-ақ, «Алтын Орда мұрасы» атты фото көрмесі ұйымдастырылды. Алыстан келген құрметті қонақтар келесі күні «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінде болып, Алтын Орда дәуіріндегі тарихи мұраларға одан әрі қаныға түсті.

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру