Жексенбі, 11 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

«Алтын бала» атанған Әлихан

25.04.2025
- Жаңалықтар
0
«Алтын бала» атанған Әлихан
76
БӨЛІСТІ
211
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сәтбаев қаласының тумасы Әлихан Өмірбектің спорттағы жетістігіне куә болып жүрген көпшілік оны «Алтын бала» атап кетті. Әлихан хоккеймен 7 жастан бастап шұғылданады. Оны спорттың бұл түріне Константин Сергазинов алып келген болатын.

Жаттықтырушысы Константин Михайлович Әлиханның хоккейге деген ерекше қабілетін дамытуға күш салды. Сәтбаев қаласында хоккейді қаржыландыру тоқтағанда Әлиханды ұстазы 2012 жылы Астанаға шақыртып алды.

18 жасына дейін Астанадағы «Барыс» хоккей клубының интернатында жатып, спортқа машықтана түсті. Жасөспірімдердің Қазақстан құрамасына қабылданып, алғаш рет Францияның Гренобль қаласында өткен Әлем чемпионатында бағын сынады.

Алғашқы дода Әлихан үшін сәтті өтіп, күміс медальмен елге оралды. Әлемдік чемпионаттан кейін Әлиханға «Қарлы Барыс» жастар командасына шақырту түсті. Осындай тамаша мүмкіндікті мүлт жібермеді. 2020 жылы Чехияның Острова қаласында өткен жастардың Әлем чемпионатында өнерін көрсетті. Әлиханның спорттағы әлемдік жолы ашыла түсті. 2022 – 2023 жылдары «Номад» командасының құрамында бақ сынады.

Қазақстанның студенттер құрамасында жүріп АҚШ-тың Лейк-Плесид қаласынан қола медальмен оралды. Осы жылдары шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Латвияның Рига қаласында өткен Әлем чемпионатында өзінің бабы мен бағын сынады. Әлихан өзінің спорттағы жұлдызын жаққан Чехияның Острова қаласындағы алғашқы жеңісін ұмытпай, 2024 жылы тағы да әлемдік бәсекеде топ жарды.

Әлихан Өмірбек 2023 жылдан қазіргі күнге дейін «Барыс» хоккей клубының атынан жарыстарға қатысуда. Әлихан үшін биылғы жыл жеңістің туы желбіреген жыл болды. Жуырда Қытай елінің Харбин қаласында өткен Азия ойындарында чемпион атанды. Алтыннан алқа тағынды.

Сондай-ақ оқыңыз

Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

09.05.2025
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025

– Мен үшін маңдай термен келген әрбір жеңістің, медальдің құны ерекше. Десе де Қытайдан алған алтын медаль осы жылдар ішіндегі жетістіктерімнің құндысы деп бағалаймын. Хоккей ойыны бұл командалық болғанымен әркім өз өнерін көрсетіп, алға озып шығудың тамаша тактикасын қалыптастырады. Мұз айдынында әрқашан бірінші болып гол соғуға ұмтылсам деген жігерім әр ойында мені жеңіске жетелеп келеді. Менің хоккейді таңдағаныма әсте өкінішім жоқ, – деді Әлихан.

Әрқашан жеңіске ұмтылатын Әлихан Өмірбек кеншілер әулетінен шыққан хоккейші. Оның атасы Өмірбек ұзақ жыл кен өндіру саласына адал қызмет етті. Әкесі Мұса да осы салада. Ол Оңтүстік Жезқазған кеніші № 65 шахтада механик, ІІІ және ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері.

Әлихан Сәтбаев қаласындағы № 25 орта мектептің түлегі. Ө. Байқоңыров атындағы университеттің денешынықтыру факультетін тәмамдаған. Осы сала бойынша алдағы уақытта магистратурада білімін жетілдіруді көздеп отыр.

Кеншілер қаласынан қанаттанып, бүгінде әлемдік деңгейде топ жарып жүрген Әлихан Өмірбектен әлі талай жеңістің жаңалығын күтеріміз сөзсіз.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлытау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

09.05.2025
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру